Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 01-2363 қаулысына осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
| Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "25" қыркүйектегі № 01-3316 қаулысына қосымша |
|
| Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "13" шілдедегі № 01-2363 қаулысына қосымша |
"Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер
"Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
19), 20), 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"19) Аппараттың құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері бойынша Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
20) Аппараттың құзыреті шегінде электрондық құжат айналымы мәселелері бойынша әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;";
22) әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуінде мемлекеттік тілдің қолданылуы мәселелері жөніндегі жұмысқа қатысу;".
____________________________