Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № А-2/31 қаулысы

      "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.

      2. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № А-12/637 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Е.Рамазанов

  Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 3 ақпандағы
№ А-2/31 қаулысына
қосымша

Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар, алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, аударымдар және (немесе) жарналар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, тұрғын үй төлемдері, жеке тұлғаларға берілетін трансферттер, стипендиялар, банк қызметтеріне ақы төлеу, салық мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      2. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер, жоғары тұрған бюджетке трансферттерді қайтару, бюджеттік субвенциялар, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері, республикалық бюджеттің бюджеттік кредиттері.

      3. Мынадай бағыттар бойынша шығыстар: тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу жөніндегі қызметтер, дәрілік заттарды, киім-кешек пен отынды сатып алу (ғимараттарды жылыту бөлігінде), коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, ел ішінде және одан тыс жерлерде іссапар және қызметтік сапарлар, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау, сондай-ақ, әлеуметтік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және олардың салдары болған жағдайда төлемдерді өткізу.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета

Постановление акимата Акмолинской области от 3 февраля 2026 года № А-2/31

      В соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 328 "Об утверждении процедур казначейского исполнения бюджета и их кассового обслуживания, процедур казначейского учета и мониторинга", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень приоритетных направлений расходов областного бюджета согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившими силу постановление акимата Акмолинской области от 4 декабря 2025 года № А-12/637 "Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета".

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Акмолинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима Акмолинской области Е. Рамазанов

  Приложение
к постановлению акимата
Акмолинской области
от 3 февраля 2026 года
№ А-2/31

Перечень приоритетных направлений расходов областного бюджета

      1. Пособия и другие социальные выплаты, выплата заработной платы и других денежных выплат, в том числе заработная плата внештатного технического персонала и все удержания из заработной платы, денежные компенсации, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан, алименты, обязательные пенсионные взносы, профессиональные и добровольные пенсионные взносы, социальные отчисления, отчисления и (или) взносы на обязательное социальное медицинское страхование, жилищные выплаты, трансферты физическим лицам, стипендии, оплата банковских услуг, налоги и другие обязательные платежи в бюджет.

      2. Выплаты по погашению и обслуживанию долговых обязательств местного исполнительного органа области, возврат трансфертов в вышестоящий бюджет, бюджетные субвенции, целевые трансферты республиканского бюджета, бюджетные кредиты республиканского бюджета.

      3. Расходы по следующим направлениям: услуги по организации питания и приобретению продуктов питания, приобретение лекарственных средств, обмундирования и топлива (в части отопления зданий), коммунальные услуги, услуги связи, транспортные услуги, командировочные и служебные разъезды внутри страны и за ее пределами, исполнение исполнительных документов и судебных актов, а также проведение платежей в случае возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера и их последствий.