Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бекітілген жерге орналастыру жобасы (2025 жылғы 17 қыркүйектегі № KZ38VBG01647773 бұйрық) негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ТЕХНОСТРОЙ-01" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша орналасқан, инженерлік желілер (электрмен жабдықтау) үшін жер учаскелерін алып қоймай, ауданы 0,0106 га жер учаскесіне шектеулі пайдалану құқығымен бес жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша қауымдық сервитут белгілеу кезінде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн 368 (үш жүз алпыс сегіз) теңге төлемақы бюджетке түседi.
3. "ТЕХНОСТРОЙ-01" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |