Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 17 тамыздағы № ЗТ-2026-03535347 арызы негізінде, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісіне қызмет көрсету және оны пайдалану үшін Степногорск қаласы (АТС2 - Теледидар мұнарасы) мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,0048 гектар жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Пайдаланудағы шектеулер: санитарлық-экологиялық нормаларды сақтау, желілік объектілерге қол жеткізу.
4. "Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен осы қаулы қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде "Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жария сервитут шарты жасасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қаласының әкімі | Г. Қасенов |