"Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы"

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы" бұйрығына, Ерейментау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 5 маусымдағы кезектен тыс отырысының №3 хаттамасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау қаласының "Теплосервис" ШЖҚ МКК №5 қазандығында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында, соның салдарынан 50-ден астам адамның Ерейментау қаласының тыныс-тіршілігінің бұзылуы немесе бес адамнан жоғары өлім салдары туындауы мүмкін. Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының аумағында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Е. Б. Құттыбаев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі Н.Мұқатов

"Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба"

Решение акима Ерейментауского района Акмолинской области от 16 июня 2026 года № 6

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48, 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", протокол внеочередного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Ерейментауского района от 5 июня 2026 года № 3, аким Ерейментауского района РЕШИЛ:

      1. В целях предупреждения возникновения чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба на Котельной №5 ГКП на ПХВ "Теплосервис" города Ерейментау, из за которой может возникнуть последствия нарушение жизнедеятельности города Ерейментау свыше 50 человек или гибель выше пяти человек. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера объектового масштаба на территории города Ерейментау Ерейментауского района.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Ерейментауского района Куттыбаева Е.Б.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Акима Ерейментауского района Н.Мукатов