Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № а-6/81 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, және Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы жер беру комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 9 шешімінің, "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 21 мамырдағы шектеулі жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішінің (қауымдық сервитут) негізінде Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Уәлихан ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 355,6 га, жер учаскесін алып қоймай, 2028 жылғы 27 қарашаға дейін мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлауға үшін, жария сервитут белгіленсін.

      2. "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шығындарды өтеу мен жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттемелерді, көрсетілген жұмыстардың орындары мен жүргізу мерзімдерін, сондай-ақ басқа да шарттарды анықтаумен жер учаскесін меншік иесімен (жер пайдаланушымен) шарт жасасын.

      3. "ДробСортКамень Inc" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлауға үшін жер учаскесін пайдалану кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      4. Біржан сал ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы әкімі Б. Қасенов

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата района Биржан сал Акмолинской области от 9 июня 2026 года № а-6/81

      В соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и на основании решения комиссии по предоставлению земель при акимате района Биржан сал от 29 апреля 2026 года № 9, обращения товарищества с ограниченной ответственностью "ДробСортКамень Inc" от 21 мая 2026 года о предоставлении права ограниченного землепользования (публичный сервитут), акимат района Биржан сал ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут товариществу с ограниченной ответственностью "ДробСортКамень Inc", сроком до 27 ноября 2028 года, на земельный участок, общей площадью 355,6 га, без его изъятия, для разведки твердых полезных ископаемых, расположенный в административных границах Валихановского сельского округа.

      2. Товариществу с ограниченной ответственностью "ДробСортКамень Inc" заключить договор с собственником (землепользователем) земельного участка, с определением сроков и места проведения, указанных работ, обязанностей по возмещению убытков и приведению земли в состояние, пригодное для использования по целевому назначению, а также других условий.

      3. Товариществу с ограниченной ответственностью "ДробСортКамень Inc" соблюдать требования законодательства Республики Казахстан при использовании земельного участка для разведки твердых полезных ископаемых.

      4. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений" района Биржан сал внести соответствующие изменения в земельно-учетную документацию.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Биржан сал Сабирова Е.Т.

      6. Настоящее постановление вступает в силу и вводится в действие со дня подписания.

      Аким района Биржан сал Б. Касенов