Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 48-335 шешімі

      Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.";

      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектегі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;";

      11-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық – курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 8-баптарында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға өтініш берусіз, ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12-тармақ мынадай мазмұндағы тармақшасымен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында Зеренді ауданында жұмыс істеуді ескере отырып, мүгедектігі бар адамдардың, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардың, оқуды аяқтау мерзіміне дейін жылына 1 рет оқу шығындарын өтеудің 100 пайызы мөлшерінде оқитын студенттерге беріледі.";

      11-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      12-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Р. Ғабдуллина

О внесении изменений и дополнений в решение Зерендинского районного маслихата от 26 декабря 2023 года № 13-95 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе"

Решение Зерендинского районного маслихата Акмолинской области от 9 июня 2026 года № 48-335

      Зерендинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Зерендинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Зерендинском районе" от 26 декабря 2023 года № 13-95 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8684-03), следующие изменения и дополнения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в год, 1 раз в два года), осуществляется с месяца обращения.";

      пункт 6 дополнить абзацем следующего содержания:

      "При наличии нескольких оснований социальная помощь к праздничным дням и памятным датам назначается только по одному основанию.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      3) наличие социально значимого заболевания;

      4) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами, в кратном отношении к прожиточному минимуму, устанавливаемому на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете;

      При причинении ущерба имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара социальная помощь оказывается по месту нахождения пострадавшего имущества независимо от места регистрации его собственника.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местным представительным органом перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.";

      подпункт 4) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "4) ко Дню Победы – 9 мая:

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 6) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "6) ко Дню закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона – 29 августа:

      гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 1) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия, не позднее трех месяцев. Предельный размер социальной помощи 100 (сто) месячных расчетных показателей, единовременно;";

      подпункт 12) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "12) гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан на основании документов об оплате, 1 раз в год в размере 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 13) пункта 11 изложить в следующей редакции;

      "13) лицам, указанным в статьях 5, 6, 8 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", на расходы за коммунальные услуги, без подачи заявления, ежемесячно в размере 2,5 (два с половиной) месячных расчетных показателей;";

      пункт 12 дополнить подпунктом следующего содержания:

      "3) студентам из семей имеющих лиц с инвалидностью, малообеспеченных, многодетных и неполных семей, обучающихся в высших медицинских учебных заведениях до срока завершения учебы 1 раз в год в размере 100 процентов возмещения затрат за обучение с учетом отработки в Зерендинском районе.";

      подпункт 3) пункта 11 исключить;

      подпункт 1) пункта 12 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Р. Габдуллина