Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағына сәйкес, жер комиссиясы 2026 жылғы 14 ақпандағы отырысының № 4 хаттамасының, жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы 2026 жылғы 14 сәуірдегі № KZ30VBG01755684 бұйрығы негізінде, Қонысбай ауылдық округінің әкімі:
1. "Көкшетау Энерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округі Васильковка ауылында, Целинная көшесі, Мектеп көшесі, Жеңіс көшесі, схемасына сәйкес орналасқан жалпы ауданы 0,0067 га, 7-04 ЖКО-дан 0,4 кВ ӘЖ қызмет көрсету үшін, 10 (он) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығына (жария сервитут) ұсынылысын жобасын бекіту туралы.
2. Қонысбай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 27 сәуірдің № 20 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қонысбай ауылдық округі бас маман Б. Шалабаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ж. Есләмбеков |