"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау ауданының әкімі | С. Құдабай |
| Бекітілген | |
| Сандықтау ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 28 шілдедегі | |
| № А-2/161 қаулысымен |
Сандықтау ауданы аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері
№ | Азаматтар санаттары | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар | Тегін |
3 | Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері болып табылатын мектеп жасындағы балалар | Тегін |
4 | Ардагер спортшылар | Тегін |
5 | Мектеп оқушылары | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдік |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдік |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдік |
*Ескерту: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық нысандарға қолданылады.