Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 желтоқсандағы № а-7/247 қаулысы

      "Бюджетті қазынашылық атқару және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі айқындалсын.

      2. Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы" № а-9/366 қаулысының, Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/366 "Бурабай ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттардың тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 13 сәуірдегі № а-4/152 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А. Садыков

  Бурабай ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы "___" ______
  № ____________қаулысына
  Қосымша

Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Ауданның жергілікті атқарушы органының борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер, жоғары тұрған бюджетке трансферттерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді қайтару, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар, алименттер, міндетті зейнетақы төлемдері жарналар, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, тұрғын үй төлемдеріне, жеке тұлғаларға трансферттерге аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар, банк қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік субвенциялар мен субсидиялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      2. Келесі бағыттар бойынша шығыстар: тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу жөніндегі қызметтер, дәрілік заттарды, киім-кешек пен отынды сатып алу (ғимараттарды жылыту бөлігінде), коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, іссапар және қызметтік сапарлар, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау, сондай-ақ пайда болған жағдайда төлемдерді (жүргізу, жүзеге асыру) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Постановление акимата Бурабайского района Акмолинской области от 28 июля 2026 года № а-7/247

      В соответствии с Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 328 "Об утверждении процедур казначейского исполнения бюджета и их кассового обслуживания, процедур казначейского учета и мониторинга", акимат Бурабайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить перечень приоритетных направлений расходов районного бюджета, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Бурабайского района от 15 сентября 2016 года № а-9/366 "Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета", постановление акимата Бурабайского района от 13 апреля 2020 года № а-4/152 "О внесении изменения в постановление акимата Бурабайского района от 15 сентября 2016 года № а-9/366 "Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета".

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Бурабайского района.

      4. Настоящее постановление вводиться в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Садыков

  Приложение
к постановлению акимата
Бурабайского района
от "___" ______2026 года
№ _____________

Перечень приоритетных направлений расходов районного бюджета

      1. Выплаты по погашению и обслуживанию долговых обязательств местного исполнительного органа района, возврат трансфертов в вышестоящий бюджет, пособия и другие социальные выплаты, выплата заработной платы и других денежных выплат, в том числе заработная плата внештатного технического персонала и все удержания из заработной платы, денежные компенсации, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан, алименты, обязательные пенсионные взносы, обязательные пенсионные взносы работодателей, профессиональные и добровольные пенсионные взносы, социальные отчисления, отчисления и (или) взносы на обязательное социальное медицинское страхование, жилищные выплаты, трансферты физическим лицам, стипендии, оплата банковских услуг, бюджетные субвенции и субсидии, налоги и другие обязательные платежи в бюджет.

      2. Расходы по следующим направлениям: услуги по организации питания и приобретению продуктов питания, приобретение лекарственных средств, обмундирования и топлива (в части отопления зданий), коммунальные услуги, услуги связи, транспортные услуги, командировочные и служебные разъезды, исполнение исполнительных документов и судебных актов, а также (проведение, осуществление) платежей в случае возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера и их последствий.