Пробация институтын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған пробация қолданылатын адамдарға қатысты құқық бұзушының тәуекелін бағалау құралын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №860 "Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға қатысты құқық бұзушының тәуекелін бағалау құралын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі және полиция департаменттерінің бастықтары осы Әдістемелік ұсынымдарды зерделеуді қамтамасыз етсін және күнделікті қызметте қолдансын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасары А.С. Қайырбековке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы "21" қыркүйек № 666 бұйрығымен бекітілген |
Пробация қолданылатын адамдарға қатысты құқық бұзушының тәуекелін бағалау құралын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалау құралын қолдану жөніндегі осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдар (бұдан әрі – есепте тұрғандар) арасында тәуекелдерді айқындау, сондай-ақ олардың жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың белгілерін анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында әзірленді.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалау құралы – бұл қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады және мынадай артықшылықтарға ие:
жекелеген есепте тұрған адамдардың қандай деңгейде тәуекел төндіретінін түсінуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оларды бақылауды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға жағдай жасайды;
есепте тұрған адамдардың жеке қажеттіліктері мен күшті жақтарын түсінуге мүмкіндік береді, оларды қайта әлеуметтендіру және әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаудан тежеу мақсатында дамытуға болады;
сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі баяндама дайындау;
белгілі бір уақыт кезеңі ішінде адамның мінез-құлқындағы өзгерістерді бағалау.
Міндеттері:
есепте тұрған адамның жаңа құқық бұзушылық жасауының ықтималдығын оның мінез-құлқын бағалау арқылы анықтау;
адамның жаңа құқық бұзушылық жасауына жол бермеу бойынша әдістер әзірлеу;
адаммен тұрақты жұмыс жүргізу барысында оны қайта әлеуметтендіру арқылы мінез-құлқын барынша өзгертуге қол жеткізу.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалау құралы пробацияның барлық кезеңдерінде: сотқа дейінгі, сот үкімі кезеңінде, пенитенциарлық және постпенитенциарлық кезеңдерде қолданылуы қажет.
Жеке тұлғаны зерделеу – бұл пробацияға жататын адамның өмір сүру жағдайларын, әлеуметтік-демографиялық, психоәлеуметтік және криминологиялық сипаттамаларын зерттеу.
Жеке тұлғаны зерделеудің мақсаты – тұлғаның ойлауына, шынайылықты қабылдауына және нақты іс-әрекеттері мен қылықтарына елеулі әсер ететін әлеуметтік қасиеттерін барынша толық айқындау. Зерделеу объективтілік, тұтастық, шынайылық және жүйелілік қағидаттарына негізделеді.
Тәуекелдер сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасады және көрініс табады. Оларға қоршаған орта, тұрмыс жағдайы, әлеуметтік және материалдық жағдай жатады.
Бағалау құралының базалық құрылымы құқық бұзушының тәуекелдері мен қажеттіліктерінің статикалық және динамикалық факторларына негізделеді.
Статикалық факторлар – өзгермейтін деректер, мысалы: құқық бұзушының жеке мәліметтері, құқық бұзушылық туралы ақпарат, соттылық тарихы, бас бостандығынан айыру орындарында болған мерзімі және т.б.
Динамикалық факторлар – сыртқы әсерлердің ықпалынан өзгеруі мүмкін деректер. Мысалы, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету құқық бұзушының әлеуметтік мәртебесіне әсер етеді.
Алынған деректер осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес пробация қолданылатын адамдарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалау нысанын толтырғаннан кейін ресурстарды бөлу үшін негіз болады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалау нәтижесі ретінде осы Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес есепте тұрған адаммен жеке жұмыс жүргізу бағдарламасы әзірленуі тиіс. Оны тиімді іске асыру үшін есепте тұрған адамды аталған бағдарламамен таныстыру қажет.
Бұдан әрі осы Әдістемелік ұсынымдарға 3-қосымшаға сәйкес әрбір алты ай сайын есепте тұрған адаммен жеке жұмыс бағдарламасының нәтижелерін қорытындылау ұсынылады.
Жеке тұлғаны зерделеу нәтижесінде алынған деректер бірыңғай жүйеге келтірілуі тиіс, бұл кейіннен пробация қолданылатын адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелдерін анықтау мақсатында тұлғаны бағалау үшін негіз болады.
Осыған байланысты ішкі істер органдарының қызметкерлеріне:
есепте тұрған адаммен алғашқы мотивациялық әңгімелесу барысында оның жеке деректері (тұрғылықты мекенжайы, білімі, жұмыспен қамтылуы, материалдық жағдайы, отбасылық жағдайы және т.б.) туралы хабардар болу;
қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалауды пробация қызметінің қызметкері есепте тұрған адаммен бірнеше мотивациялық әңгімелесу жүргізіп, тұрғылықты жеріне барғаннан кейін жеке өзі жасау;
мотивациялық әңгімелесу барысында сұрақтарды жанама түрде қою (мысалы, алкоголь тұтынатынын анықтау үшін ойын-сауық орындарына бару жиілігі, оның достары мен өзі алкоголь тұтына ма, қандай көлемде, ішкеннен кейінгі көңіл күйі қандай болатыны туралы сұрау);
тұрғылықты жеріне бару кезінде бірге тұратын туыстарымен немесе басқа адамдармен егжей-тегжейлі әңгіме жүргізу;
барлық қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша тексеру жүргізу;
динамикалық факторлардағы өзгерістерді бақылау үшін және жаңа нәтижелермен салыстыру мақсатында әр алты ай сайын есепте тұрған адамға қатысты тәуекелді қайта бағалау жүргізу ұсынылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелін бағалау құралын қолдану барысында пробация қызметі есепте тұрған адамдарды жаңа құқық бұзушылық жасау ықтималдығының төмен, орта және жоғары деңгейлері бойынша санаттарға бөледі. Бұл есепте тұрған адамдармен жұмыс көлемін тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелінің деңгейі статикалық және динамикалық факторларды бағалау балдарын қосу арқылы айқындалады, ал факторлар деңгейі индикаторлар (қылмыстық тарихы, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы, білімі, оқуы және жұмыспен қамтылуы, қарым-қатынастары, өмір салты, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды қолдануы, алкогольді шамадан тыс тұтынуы және т.б.) бойынша балдардың жиынтығымен анықталады.
Мысалы,
1-бөлім. ҚЫЛМЫСТЫҚ ТАРИХ | Балдар |
Тәуекелді қайта бағалау | |
1.1 | Соттылығы туралы мәліметтер: бұрын сотталмаған – 0, бұрын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға және/немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге шараларына сотталған адам – 2, бұрын 1–2 рет бас бостандығынан айыруға сотталған адам – 4, бұрын 3 және одан да көп рет бас бостандығынан айыруға сотталған адам – 6 | 2 | |
1.2 | 2 Алғашқы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кездегі жасы (толық жас): (14–18 жас – 8, 19–24 жас – 6, 25–40 жас – 4, 40 жастан жоғары – 2) | 2 | |
1.3 | Пробация қызметінің есебінде тұрған қылмыс жасалған кездегі есепте тұрған адамның жасы (* бұл тармақ алғаш рет сотталған адамдарға қатысты толтырылмайды): (25 жасқа дейін – 6, 25–40 жас – 4, 40 жастан жоғары – 2 | 2 | |
1.4 | Қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтар (қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар), олардың жиынтығы, рецидив* (* бұл тармақ алғаш рет сотталған адамдарға қатысты толтырылмайды): (қауіпті қылмыс рецидиві болған – 8, қылмыс рецидиві/қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы болған – 6, бұрын тек қылмыстық теріс қылықтар болған – 2) | 2 | |
1.5 | Ағымдағы қылмыста қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығының болуы – 8 | 8 | |
1.6 | Алдыңғы қылмыс үшін жазадан босатылған сәттен бастап осы қылмысты жасағанға дейін өткен уақыт* (*бұл тармақ алғаш рет сотталған адамдарға қатысты толтырылмайды): (1 жылға дейін – 8, 1 жылдан 3 жылға дейін – 6, 3 жылдан 5 жылға дейін – 4, 5 жылдан жоғары – 2) | 2 | |
1.7 | Бас бостандығынан айыру орындарында өткізген жалпы жыл саны: (1 жылға дейін – 0, 1–3 жыл – 2, 3–5 жыл – 4, 5–10 жыл – 6, 10–15 жыл – 8, 15 жылдан жоғары – 10) | 4 | |
1.8 | Қылмыстағы кінә нысандары: (қылмыс абайсызда жасалған/қажетті қорғаныс шегінен асу кезінде – 2, қылмыс қасақана жасалған – 4) | 2 | |
Барлығы: | 19 | ||
Факторлардың қоғамдық қауіптілік тәуекеліне әсерін бағалау: Төмен (2-ден 11-ге
дейін); Орташа (11-ден 19-ға дейін); Жоғары (19-дан жоғары
Түсіндірме:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Барлық индикаторлар бойынша балдар жиынтық түрде есептеледі және тәуекел деңгейлері айқындалады. Нәтижелер (балдар мен тәуекел деңгейі) 3-бөлім "Статикалық және динамикалық факторлар бөлімдерінің жалпы бағалау кестесіне" енгізіледі және оларды талдау нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау тәуекелінің деңгейі айқындалады: индикатор болмаған жағдайда – төмен, бір индикатор болған жағдайда – орташа, бірден көп индикатор болған жағдайда – жоғары.
| Пробация қолданылатын адамдарға қатысты құқық бұзушының тәуекелін бағалау құралын қолданужөніндегі |
|
| әдістемелік ұсынымдарына 1-қосымша нысан |
Пробация қолданылатын адамдарға қатысты қылмыстық құқық бұзушының тәуекелін бағалау
Сотталған адам туралы жалпы мәліметтер | |||||||
Тегі | |||||||
Аты | |||||||
Әкесінің аты | |||||||
Туған күні | |||||||
Жасы | |||||||
Азаматтығы | |||||||
Ұлты | |||||||
Отбасылық жағдайы | |||||||
Тұрғылықты жері | |||||||
Тіркелген жері | |||||||
Іс № | |||||||
Жаза туралы ақпарат | |||||||
1-бөлім. ҚЫЛМЫСТЫҚ ТАРИХ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
1.1. | Соттылық туралы мәліметтер: бұрын сотталмаған – 0, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған - 2, 1-2 рет бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған – 4, 3 және одан да көп рет бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған – 6. | ||||||
1.2. | Алғашқы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сәттегі жасы (толық жасы): (14-тен 18 жасқа дейін – 8, 19-дан 24жасқа дейін – 6, 25-тен 40 жасқа дейін – 4, 40 жастан жоғары - 2) | ||||||
1.3. | Пробация қызметінде есепте тұрған қылмысты жасаған кездегі сотталған адамның жасы (*бұл тармақ алғаш рет сотталған адамдарға қолданылмайды) (25 жасқа дейін – 6, 25-тен 40 жасқа дейін – 4, 40 жастан жоғары – 2) | ||||||
1.4. | Қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтар (қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар) олардың жиынтығы, рецидив (бұл тармақ алғаш рет сотталған адамдарға қолданылмайды) (қауіпті рецидив орын алған– 8, қылмыстар рецидиві немесе құқық бұзушылықтардың жиынтығы болған – 6, бұрын тек қылмыстық теріс қылықтар болған - 2) | ||||||
1.5. | Ағымдағы қылмыста қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуы – 8 | ||||||
1.6. | Алдыңғы қылмыс үшін жазадан босатылғаннан кейін қазіргі қылмыс жасалғанға дейін өткен уақыт* (*бұл тармақ алғаш рет сотталған адамдарға қолданылмайды) (1 жылға дейін – 8, 1 жылдан 3 жылға дейін – 6, 3 жылдан 5 жылға дейін – 4, 5 жылдан жоғары – 2) | ||||||
1.7. | Бас бостандығынан айыру орындарында өткізілген жалпы уақыт (1 жылға дейін – 0, 1 жылдан 3 жылға дейін – 2, 3 жылдан 5 жылға дейін – 4, 5 жылдан 10 жылға дейін – 6, 10 жылдан 15 жылға дейін – 8, 15 жылдан жоғары – 10) | ||||||
1.8. | Қылмыстағы кінә нысаны (абайсызда жасалған немесе қажетті қорғаныс шегінен асқан – 2, қасақана жасалған – 4) | ||||||
1.9. | Қылмысқа қатысу түрі * (*өз бетінше (жеке-дара) жасаған сотталған адамдарға қатысты толтырылмайды (ұйымдастырушы - 4, орындаушы/айдап салушы/көмектесуші (керегінің астын сызу) - 2) | ||||||
1.10. | Қылмыстық құқық бұзушылық санаты (қылмыстық теріс қылық – 1, орташа ауырлықтағы қылмыс – 2, ауыр қылмыс – 4, аса ауыр қылмыс - 6) | ||||||
1.11. | Қылмыс жасаудың уәжі мен мақсаты (сыбайлас жемқорлық, пайдакүнемдік - 10, пайдакүнемдік-зорлық - 8, зорлық - 6, экстремистік, террористік - 6, өзге де қылмыстар - 2) | ||||||
1.12. | Қылмыс жасаған кезде ауырлататын мән-жайлардың болуы (сот үкімінен/қаулысынан алынған мәліметтерді түсіндірмелерде сипаттау) (иә - 2, жоқ - 0) | ||||||
1.13. | Өмір салты қылмыс жасауға ықпал етті ме (иә - 2, ішінара - 1, жоқ - 0) | ||||||
1-БӨЛІМ БОЙЫНША БАЛЛДАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ СОМАСЫ | |||||||
Факторлардың қоғамдық қауіптілік тәуекеліне әсерін бағалау: Төмен (2-ден 11-ге
дейін); Орташа (11-ден 19-ға дейін); Жоғары (19 жоғары)
Түсініктеме_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2-бөлім. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ЖАЛТАРУ ТӘУЕКЕЛІ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
2.1 Пробациялық бақылау шарттарының кез келген алдыңғы бұзылуы * (*бұл позиция алғаш рет сотталған адамдарға қатысты толтырылмайды) (иә - 1, жоқ - 0) | ||||||
2.2. , Пробациялық бақылаудан жалтару (жасыру) (иә - 1, жоқ - 0) | ||||||
2-БӨЛІМ БОЙЫНША БАЛЛДАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ СОМАСЫ |
Қашу/жалтару қатерін бағалау: Төмен (0); Орташа (1-ден 2-ге дейін); Жоғары
(2 жоғары)
Түсініктеме (сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруға, жазаны алдыңғы өтеулер, пробация немесе босатылғаннан кейінгі әкімшілік қадағалау кезінде, осы жазаны өтеу кезеңінде жағдайларды бұзуға қатыстылығы):__________________________________
3-бөлім. БЕЛГІЛЕНГЕН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
БЕЙӘЛЕУМЕТТІК | |||||||
3.1. | Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 21-бабына сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу (әрбір жағдай үшін 1 баллдан, түсіндірмеде көрсету қажет) | ||||||
3-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы* (*әлеуметтік емес мінез-құлық бойынша баллдар болмаған жағдайда, әлеуметтік жағымды мінез-құлық үшін берілген баллдар қорытынды сомаға енгізілмейді) | |||||||
Сотталған адамның анықталған әлеуметтік емес мінез-құлқына байланысты тәуекелді
бағалау: Төмен (0-ден 1-ге дейін); Орташа (2-ден 4-ке дейін); Жоғары (4)
Түсіндірме (сотталған адамның анықталған барлық әлеуметтік емес мінез-құлық фактілері: жазаны өтеу барысында жіберілген тәртіп бұзушылықтар, сондай-ақ аутоагрессивті және демонстративті-бопсалау сипатындағы әрекеттері (күні, себептері, уәждері)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
4-бөлім. АНАМНЕЗ. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
4.1. | 4.1. Отбасында төмендегі санаттарға жататын адамдар болды/бар ма (туыстық дәрежесін белгілеу: анасы; әкесі; ағалары; әпке-қарындастары; әжелері; аталары; нағашы/көке ағалары; апай-тәтелері; басқа): бұрын сотталған, психикалық денсаулық мәселелері бар (диагнозын түсіндірмеде көрсету қажет), психоактивті заттарды (алкоголь, есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа да еліткіш заттар) қолданатын, тоталитарлық сектаға (деструктивті діни ұйымға) мүше, суицид жасаған (әрекеттенген) немесе өзіне қасақана қандай да бір зиян келтірген (қажеттісін белгілеу, әрбір көрсеткіш үшін 1 балл + әрбір туыс үшін қосымша 1 балл) | ||||||
4.2. | 4.2. Бас-ми жарақаттары (бірнеше рет болған жағдайда + 1 балл) | ||||||
4-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Тәуекелді бағалау: Төмен (0-ден 4-ке дейін); Орташа (5-тен 10-ға дейін); Жоғары
(10-нан жоғары)
Түсіндірме (анамнез және тұқым қуалаушылық жағдайы, ықтимал тәуекел
элементтерінің бар-жоғы):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
2-формасы. Сотталғандарды жіктеу үшін жалпы тәуекелдерді бағалау кестесі (балл/бағалау классификациясы)
Көрсеткіштер | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
1 | Қылмыстық тарих* (*айналдырылған балл санын көрсету) | ||||||
2 | Жазадан қашу немесе оны өтеуден жалтару тәуекелі | ||||||
3 | Анықталған әлеуметтік емес мінез-құлық | ||||||
4 | Анамнез. Тұқым қуалаушылық | ||||||
2- үлгі бойынша қорытынды балл сомасы | |||||||
Анықталған тәуекелдер нәтижесінде сотталғанға келесі жіктеу деңгейі
тағайындалады: Төмен (0-ден 15-ке дейін); Орташа (16-дан 25-ке дейін); Жоғары (25-
тен жоғары)
Балдар негізінде ұсынылатын мекемелік (ішкі) бақылау деңгейі: Минималды, Орташа,
Максималды
Бағалау формасын толтырған ІІО қызметкерлерінің аты-жөні және лауазымдары:
Аты-жөні:_______ Қолы: ________ Аты-жөні:_____________ Қолы: ____________
Лауазымы: ______Толтырған күні: _____ Лауазымы: _______Толтырған күні: ____
Аты-жөні:_______Қолы: _______ Аты-жөні:________________ Қолы: ___________
Лауазымы: ______ Толтырған күні: ____ Лауазымы: _____Толтырған күні: _______
Аты-жөні:_______ Қолы: _______ Аты-жөні:_____________ Қолы: ______________
Лауазымы: _____Толтырған күні: _____ Лауазымы: ______ Толтырған күні: _______
Аты-жөні:______Қолы: __________ Аты-жөні:______________Қолы: _____________
Лауазымы: _____ Толтырған күні: ______ Лауазымы: _____Толтырған күні:________
Лауазымы: ______Толтырған күні: _____ Аты-жөні:_______ Қолы: _______________
"ТАНЫСТЫРЫЛДЫ" — қызметінің басшысы/орынбасары _
Аты-жөні: ______________ Қолы: ___________________ Күні: ________________
3-форма. ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН БАҒАЛАУ
1-бөлім. ТҰРҒЫН-ЖАЙ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАР | Бағалау балдары | Тәуекелді қайта бағалау (күні) | Тәуекелді қайта бағалау (күні) | Тәуекелді қайта бағалау (күні) | Тәуекелді қайта бағалау (күні) | Тәуекелді қайта бағалау (күні) | |
1.1 | Сотталған адамның өз тұрғын үйі бар ма (иә – 0, жоқ – 2) | ||||||
1.2 | Тұрғын үйдің иелігі (сотталғанға тиесілі – 0, отбасы мүшелеріне – 1, басқа тұлғаларға – 2) | ||||||
1.3 | Тұрғын үй жарамдылығы (сыртқы/санитарлық жағдайы, бөлмелер саны, шаршы метр, тұратын адамдар саны) (жарамды – 0, ішінара – 1, жарамсыз – 2) | ||||||
1.4 | Тұрақты тұру орны немесе қанағаттанарлық тұру жағдайлары бар ма (иә – 1, жоқ – 0) | ||||||
1.5 | Бірге тұратын адамдармен (ата-ана, жұбай/жұбайы, балалар, достар және басқа адамдар) қарым-қатынасына қанағаттануы (иә – 0, ішінара – 1, жоқ – 2) | ||||||
1-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Қажеттілікті бағалау: Төмен (0-ден 3-ке дейін); Орташа (4-тен 6-ға дейін); Жоғары
(6-дан жоғары)
Түсіндірме (тұрғын үй жағдайы туралы ақпарат):___________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Тұрғын-жай және тұрмыстық жағдайлар сотталушылар үшін қажеттілік саласы болып
табылады ма: иә біршама жоқ
2-бөлім. БІЛІМ. ОҚУ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
2.1 | Білім деңгейі (жоғары – 0, бітіру кезеңіндегі жоғары/орта кәсіптік – 1, орта – 2, бастауыш – 3) | ||||||
2.2 | Өз еңбек қызметіне, жұмыспен қамтылуға көзқарасы (оң – 0, бейтарап – 1, теріс – 2) | ||||||
2.3 | Алып отырған мамандығымен қанағаттану (қанағаттанған – 0; жоқ, басқа мамандық алғысы келеді – 1; жоқ, бірақ ештеңені өзгерткісі жоқ/мамандығы жоқ – 2) | ||||||
2.4 | Сотталғанда сұранысқа ие кәсіби дағдылар бар ма? (бар – 0, жоқ – 2) | ||||||
2.5 | Сотталғанда еңбек өтілі болды ма? (иә, құжатпен расталған – 0; иә, құжатсыз/өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 1; еңбек қызметі болмаған/жұмыссыз – 2) | ||||||
2.6 | Сотталған адам ұсталғанға дейінгі 6–12 ай ішінде жұмыссыз болды немесе оқу орнына қатыспады (қатыспаудың себебі: негізделген мүмкіндік болмады (түсіндірмеде көрсету) – 0; қалауы жоқ болды – 1) | ||||||
2.7 | Жалпы білім беретін мектепке/кәсіби колледжге қатысады немесе өзін-өзі оқытумен айналысады (қажетті білім жоқ болған жағдайда) (иә – 0, жоқ – 2) (қажеттісін белгілеу) | ||||||
2.8 | Жұмысқа орналастырылған (иә, соның ішінде ерікті негізде, еңбекақысыз – 0; жоқ, бос жұмыс орындары жоқ – 1; жоқ, еңбек етуге ниет жоқ – 2) | ||||||
2-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Тәуекелді бағалау: Төмен (0-ден 6-ға дейін); Орташа (7-ден 14-ке дейін); Жоғары
(14-тен жоғары)
Түсіндірме (білім, оқу және жұмыспен қамтылу туралы маңызды ақпарат: дағдылар,
қанағаттану деңгейі, мақсаттар жәнет.б.):____________________________
_______________________________________________________________________
Сотталған адам үшін білім деңгейін көтеру қажеттілігі бар ма (жалпы білім беру
немесе мамандық алу курстары): иә жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
Сотталған адам үшін жұмыспен қамтылу қажеттілігі бар ма: иә жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
3-бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
3.1 | Сотталған адам қазіргі уақытта ресми некеде ме немесе бірге тұрады ма (иә – 0, жоқ – 1) | ||||||
3.2 | Жұбайы/серіктесімен қарым-қатынасы жақсы, жақын ба* (қатынасы жоқ болса толтырмайды) (иә – 0, жоқ – 1) | ||||||
3.3 | Жесір; отбасы байланыстары жоғалған; ажырасқан, отбасылық қатынастар қылмысқа байланысты қанағаттанарлықсыз (иә – 2, жоқ – 0) (қажеттісін белгілеу) | ||||||
3.4 | Сотталған адамның балалары бар ма (иә – 0, жоқ – 1) | ||||||
3.5 | Балаларымен қарым-қатынасы жақсы, жақын ба (*балалары жоқ болса толтырмайды) (иә – 0, жоқ – 1) | ||||||
3.6 | Жақын туыстарымен (ата-ана, ағалар, әпкелер, балалар, әжелер, аталар, немерелер) байланысын сақтай ма (иә – 0, кейде – 1, жоқ – 2) (қажеттісін белгілеу) | ||||||
3.7 | Ата-анасыз өскен бе (қажеттісін белгілеу): балалар үйінде; отбасы балалар үйінде; интернатта; қамқоршылар тәрбиесінде; туыстар тәрбиесінде (иә – 1, жоқ – 0) | ||||||
3.8 | Отбасы жағдайы қолайсыз, маргиналды өмір салты (иә – 1, жоқ – 0) | ||||||
3.9 | Танитын адамдар шеңбері (заңға бағынатын, оң мінез-құлықты азаматтар – 0; әртүрлі – 1; әлеуметтік емес/маргиналды адамдар – 2) | ||||||
3-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Тәуекелді бағалау: Төмен (0-ден 4-ке дейін); Орташа (5-тен 9-ға дейін); Жоғары
(9-нан жоғары)
Түсіндірме (қарым-қатынастар жағдайы туралы маңызды ақпарат, ықтимал тәуекел
элементтерінің бар-жоғы):__________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Сотталған адам үшін қарым-қатынастар қажеттілік саласы болып табылады ма:
иә біршама жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
4-бөлім. ӨМІР САЛТЫ. МОТИВАЦИЯ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
4.1 | Болашаққа нақты мақсаттары, жоспарлары бар ма (иә – 0, жоқ – 2) | ||||||
4.2 | Проблемаларды шешу үшін әрекеттерін жоспарлай алады немесе өзін-өзі шешім қабылдай алады ма (иә – 0, ішінара, көмек қажет – 1, жоқ – 2) | ||||||
4.3 | Сотталған адамның қоғамның өзіне деген қарым-қатынасы туралы ойлары/сезімдері (қауіптенбейді – 2, кейде алаңдайды – 1, қатты алаңдайды – 0) (түсіндірмеде көрсету) | ||||||
4.4 | Өмір салтын өзгертуге қаншалықты ынталы (ынтасы жоқ – 2, кейбір мотивация бар – 1, жоғары ынталы – 0) | ||||||
4.5 | Позитивті қызығушылықтары, хоббиі және әлеуметтік қызығушылықтары болды/бар ма (иә – 0, ішінара – 1, жоқ – 2) | ||||||
4-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Мотивацияны бағалау: Төмен (7-тен жоғары); Орташа (4-тен 7-ге дейін); Жоғары
(0-ден 3-ке дейін)
Түсіндірме (жеке факторлар туралы маңызды ақпарат, сотталғанды қылмыстық
әрекеттерді азайтуға ынталандыру мүмкіндігі бар-жоғы):____
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жеке факторларды түзету және қылмыстық мінез-құлықты азайтуға мотивация
сотталған үшін қажеттілік саласы болып табылады ма: иә біршама жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
5-бөлім. ПСИХОАКТИВТІ ҚҰРАМДАРДЫ (ПАВ) ПАЙДАЛАНУ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
5.1 | Есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа есірткі заттарын қолданған фактісі, соның ішінде бір реттік жағдай (иә – 2, жоқ – 0) | ||||||
5.2 | ПАВ-қа (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа есірткі заттары) қатынасы (қажеттісін белгілеу): (теріс – 0, бейтарап/қақтығысты – 1, оң – 2 + әрбір оң таңдау үшін +1 балл) | ||||||
5.3 | Ұсталмас бұрын ПАВ қолданумен байланысты психикалық денсаулыққа көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған ба (иә – 2, жоқ – 0) | ||||||
5.4 | Алкогольді тұтыну жиілігі (ешқашан/бірнеше жағдай – 0, ара-тұра/ұзақ уақыт бойы бас тарту – 1, жиі – 2) | ||||||
5.5 | Қылмыс алкогольдік, есірткілік, токсикоманикалық мас күйінде жасалды (қажеттісін белгілеу) (иә – 2 + әрбір оң таңдау үшін +1 балл, жоқ – 0) | ||||||
5.6 | Ұсталмас бұрын ПАВ тәуелділігінен арылуға ниет/күш салу (иә – 0, жоқ – 2) | ||||||
5.7 | Расталған ПАВ қолдану фактісі (түрін түсіндірмеде көрсету) (иә – 2, жоқ – 0) (+ әрбір қайталанған жағдай үшін +1 балл) | ||||||
5.8 | ПАВ қолдану жұмыспен қамтылуға кедергі болды; жеке қарым-қатынасқа әсер етті; физикалық немесе эмоционалдық жағдайға әсер етті (қажеттісін белгілеу): (әр жауап үшін +1 балл) | ||||||
5-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Тәуекелді бағалау: Жоқ (0); Төмен (1–5); Орташа (5–10); Жоғары (10-нан жоғары)
Түсіндірме (ПАВ қолдану жағдайы, ықтимал тәуекел элементтері бар-жоғы):
__________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Егер деңгей орташа немесе жоғары болса, сотталған өзінде бұл проблема бар екенін
мойындай ма: иә біршама жоқ
Сотталған үшін алкоголь/есірткі қолдануды шешу мәселесі қажеттілік саласы болып
табылады ма: иә біршама жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
6-бөлім. ҰСТАНЫМДАР. ОЙЛАУ ШЕБІ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
6.1 | Сот үкімі/шешімін әділ деп санайды ма, жазаны қылмысқа сай деп бағалай ма (иә – 0, ішінара – 1, жоқ – 2) | ||||||
6.2 | Қылмыс жасағанына өкінеді ме (иә, шын ниетпен/қателігін өтей алады – 0; иә, жеңілдік, мейірімділік, жанашырлық алу мақсатында – 1; ішінара/өзін ақтау, кінәсін азайту үшін себептер пайдаланады – 2; жоқ/қылмысты жоққа шығарады – 3) | ||||||
6.3 | Жасалған қылмысқа байланысты қандай сезімде (түсіндірмеде көрсету) (теріс, негативті (қылмыс құрбанына өкініш, кінә сезімі, ашу, өзін-өзі жек көру және т.б.) – 0; эгоистік (өкініш, өзін-өзі аяу, ұсталып/сотталғанына қапалау және т.б.) – 2; оң (бәрін дұрыс жасадым, қанағаттанған және т.б.) – 4) | ||||||
6.4 | Қылмыс салдарынан келтірілген зиян мен зардапты түсінеді ме: өзіне, зардап шеккендерге, айналаға, денсаулыққа, моральдық, мүліктік және т.б. (қажеттісін белгілеу, басқасын түсіндірмеде көрсету) (иә, әрекеттерін қылмыс деп санайды – 0; ішінара/жауапкершілік тым қатаң деп санайды – 1; жоқ/жауапкершілікті зардап шеккендерге, басқа адамдарға немесе өмірлік жағдайларға аударуға тырысады – 2) | ||||||
6.5 | Жасалған қылмыстың салдарын түсінеді ме (иә, болған жағдайға өкінеді – 0; ішінара/кейбір салдарын түсінеді – 1; жоқ/салдарын әділ, лайықты, алдын ала болар жағдай деп санайды – 2) | ||||||
6.6 | Қылмыс жасаған кезде әрекеттерін толық бағалай алды ма (иә, толық – 3; ішінара/қорқыту немесе мәжбүрлеу әсерінен – 1; жоқ/алкоголь, есірткі немесе токсикомания әсерінен – 2; жоқ/афект жағдайы, психикалық денсаулық мәселесі, абайсыздық немесе қажетті өзін-өзі қорғау шегін асыру – 0) (қажеттісін белгілеу, басқасын түсіндірмеде көрсету) | ||||||
6-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Ойлау шебін бағалау: Төмен (0-ден 5-ке дейін); Орташа (6-дан 10-ға дейін);
Жоғары (10-нан жоғары)
Түсіндірме (сотталған адамның қылмысқа қатысты көзқарастары мен ой-пікірлері,
ықтимал тәуекел элементтері бар-жоғы):
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қазіргі уақытта сотталған үшін көзқарастар мен ойлау шебін түзету қажеттілік саласы
болып табылады ма: иә біршама жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
7-бөлім. ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУ | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
7.1 | Сотталған адам өз қаржысын басқаруға қабілетті ме (иә – 0, ішінара – 1, жоқ – 2) | ||||||
7.2 | Ұсталмас бұрын тұрақты табысқа ие болды ма (қылмыстық емес көздерден) (иә – 0, жоқ – 2) | ||||||
7.3 | Ұсталмас бұрын жалпы табысы негізгі шығындарды (алимент, несиелер, қарыздар және т.б.) жабуға жеткілікті болды ма (иә – 0, ішінара – 1, жоқ – 2) | ||||||
7.4 | Ұсталмас бұрын сотталушының қарыздары немесе несиелері болды ма (иә – 1, жоқ – 0) | ||||||
7.5 | Қазіргі уақытта тұрақты табысқа ие ме (жұмыс, әлеуметтік төлемдер, туыстардан және басқа көздер) (иә – 0, жоқ – 2) | ||||||
7.6 | Сот үкімі бойынша келтірілген зиян бар ма: моральдық, материалдық, мемлекет кірісіне (жоқ – 0, иә – 2) | ||||||
7.7 | Зиян болған жағдайда, оны өтеу шаралары қабылданған ба (зиян толық өтелген – 2 балл алынып тасталады, ішінара/еңбекақыдан міндетті ұстап қалу – 1, туыстары есебінен – 2, жоқ – 3) | ||||||
7.8 | Қаржылық қиындықтар ойын-сауық, құмар ойындар немесе бәс тігу салдарынан болды ма (иә – 2, жоқ – 0) | ||||||
7.9 | Құмар ойын ойнау немесе бәс тігу арқылы қаржылық жағдайын жақсартуға болатынына сенеді ме (иә – 2, ішінара – 1, жоқ – 0) | ||||||
7-бөлім бойынша қорытынды балл сомасы |
Қаржыны басқаруды бағалау: Төмен (0-ден 5-ке дейін); Орташа (6-дан 10-ға дейін);
Жоғары (10-нан жоғары)
Түсіндірме (қаржыны басқару жағдайы, ықтимал тәуекел элементтері бар-жоғы):
______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Сотталған адам үшін қаржыны басқару қажеттілік саласы болып табылады ма:
иә біршама жоқ
Қажетілік болған жағдайда сотталған қазіргі уақытта осы салада жұмыс істеуге
ынталы ма: иә біршама жоқ
Динамикалық тәуекел факторларын жалпы бағалау кестесі (баллдар/бағалау классификациясы)
Көрсеткіштер | Бағалау балдары |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау |
Тәуекелді қайта бағалау | |
1 | Қылмыстық тарихы | ||||||
1 | Тұрғын-жай және тұрмыстық жағдайлар | ||||||
2 | Білім. Оқу. Жұмыспен қамту | ||||||
3 | Қарым-қатынастар | ||||||
4 | Өмір салты. Мотивация | ||||||
5 | Психоактивті заттарды (ПАВ) пайдалану | ||||||
6 | Ұстанымдар. Ойлау шебі | ||||||
7 | Қаржыны басқару | ||||||
Есепте тұрған адамның тәуекелдерін, классификациясын және қажеттіліктерін бағалау бойынша ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуекелдер мен классификация (бағалауда қоғамға немесе жеке тұлғаларға
айтарлықтай зиян келтіру факторлары/тәуекелдері бар ма?):______
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Басты қажеттіліктер мен оларды шешу шаралары* (* бұл баға сотталғанмен жұмыс
жоспарын/жазаны орындау жоспарын жасау үшін негіз болады, сонымен қатар Форм-
2 деректері ескеріледі) (қажеттілік салаларының кез келгені сотталғанның күшті
жағымды қасиетін көрсетеді ме және оның әлеуметтік қайта бейімделуіне ықпал ете
ала ма – белгілеу қажет):_________________________________________________
______________________________________________________________________
Бағалау формасын толтырған қызметкерлердің аты-жөні және лауазымдары:
Аты-жөні:_________ Қолы: ____________ | Лауазымы: _______Толтырған күні:______ |
Лауазымы: ________ Толтырған күні: ______ | Аты-жөні:________ Қолы: _____________ |
Аты-жөні:________ Қолы: ______________ | Лауазымы: _____Толтырған күні: _________ |
Лауазымы: ______Толтырған күні: _______ | Аты-жөні:______ Қолы: ________________ |
Аты-жөні_________Қолы: ________________ | Лауазымы: _____Толтырған күні: _________ |
Лауазымы: ______Толтырған күні: _______ | Аты-жөні:_______Қолы: ________________ |
Аты-жөні:_______ Қолы: _____________ | Лауазымы: _____Толтырған күні: _________ |
Лауазымы: ___Толтырған күні: _______ | |
Аты-жөні:______ Қолы: ______________ | |
Лауазымы: ____Толтырған күні: _________ | |
Аты-жөні:________Қолы: _______________ |
"ТАНЫСТЫРЫЛДЫ" — қызметінің басшысы/орынбасары __________________
Аты-жөні: ________________ Қолы: ________________ Күні: ________________
| Пробация қолданылатын адамдарға қатысты құқық бұзушының тәуекелін бағалау құралын қолданудың әдістемелік ұсынымдарына 2-қосымша нысан |
Жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі деңгейі бойынша есепте тұрған адаммен жеке жұмыс бағдарламасы
Есептегі адамның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
_______________________________________________________________________
№ | Факторлар (мысалы, тұрғын үй-тұрмыстық, еңбекпен қамтылуы, өмір салты және т.б.) | Қажеттіліктің немесе проблеманың қысқаша сипаттамасы | Тәуекел факторларын жоюға/ қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған көмек және түзету шаралары | Мерзімдері. Аяқталу нысаны |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 |
| Пробация қолданылатын адамдарға қатысты құқық бұзушының тәуекелін бағалау құралын қолданудың әдістемелік ұсынымдарына 3-қосымша нысан |
Есепте тұрған адаммен жеке жұмыс бағдарламасының нәтижелері ______________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), тіркеуге алынған күні)
№ | Факторлар (мысалы, тұрғын үй-тұрмыстық, еңбекпен қамтылуы, өмір салты және т.б.) | Қажеттіліктің немесе проблеманың қысқаша сипаттамасы | Тәуекел факторларын жою бойынша жүргізілген жұмыстар | Нәтижесі (жақсы, анық, бірақ болмашы өзгерістер бар, ілгерілеу жоқ; кері кету) | Кейінгі қадамдарды жоспарлау |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 |