БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерін тамақтандырудың жеке рационының, білім беру ұйымдары мен емдеу мекемелерінің, қызметтік жануарларының азық-түлігінің, жабдығының, асханалық-ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 321 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 321 бұйрығымен бекітілген". |
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |