"OP Central Asia Ltd" жеке компаниясына пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 273 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "OP Central Asia Ltd" жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан № 4671-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 6147,4129 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 07 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "OP Central Asia Ltd" жеке компаниясына жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданы әкімі: Д. Тоғызбаев

Об установлении публичного сервитута частной компании "OP Central Asia Ltd" для проведения работ по разведке полезных ископаемых

Постановление акимата Айтекебийcкого района Актюбинской области от 25 августа 2026 года № 273

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьей 31,37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Айтекебийского района, ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить частной компании "OP Central Asia Ltd" публичный сервитут на земельные участки общей площадью 6147,4129 га, расположенные на территории Айтекебийского района, в соответствии с лицензией № 4671-EL, для проведения работ по разведке твердых полезных ископаемых сроком до 07 августа 2032 года, без изъятия земельных участков у землепользователей.

      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел сельского хозяйства и земельных отношений" в установленным законодательством порядке обеспечит:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района после его официального опубликования.

      3. Частной компании "OP Central Asia Ltd" обеспечить компенсацию за причиненные убытки землепользователям участков и по окончанию работы по разведке полезных ископаемых, провести рекультивацию нарушенных земель.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Айтекебийского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Айтекебийского района Д. Тугузбаев