БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 "Сыныптауыштарды бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес төлем тәсілдерінің сыныптауышы;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің сыныптауышы;";
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 629 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 4-қосымша |
Төлем тәсілдерінің сыныптауышы
Код | Есеп айырысу нысаны |
00 | аванс төлемі |
10 | аккредитив |
20 | инкассо |
30 | аударым |
40 | аккредитив/инкассо |
50 | аккредитив/аударым |
60 | инкассо/аударым |
70 | аккредитив/инкассо/аударым |
80 | өтеусіз жеткізу |
99 | есеп айырысудың өзге де түрлері |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 629 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына 4-қосымша |
Сыртқы экономикалық мәміленің ерекшеліктері сыныптауышы
Код | Сыртқы экономикалық мәміленің ерекшеліктері |
01 | Мәміле сомасын негізге ала отырып, валюталық шартты (келісімшартты) уәкілетті банкте есепке қою туралы талап қолданылатын мәмілелер |
11 | Мәміле сомасын негізге ала отырып, валюталық шартты (келісімшартты) уәкілетті банкте есепке қою туралы талап қолданылмайтын мәмілелер |
12 | Мемлекеттік органдардың бөлімшелері (ведомстволары) арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары жасасқан, шартты (келісімшартты) уәкілетті банкте есепке қою туралы талап қолданылмайтын мәмілелер |
13 | Жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын резидент жеке тұлғалар жасасқан мәмілелер |
14 | Сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктері сыныптауышының 11, 12, 13 кодтарында көзделмеген, валюталық заңнамаға сәйкес өзге де негіздер бойынша шартты (келісімшартты) уәкілетті банкте есепке қою туралы талап қолданылмайтын мәмілелер |
15 | Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәмілелер, олар бойынша есеп айырысулар импорттаушының шотын айналып өтіп жүргізіледі |
16 | Мемлекеттік кредитті өтеу |
17 | Мемлекеттік кредит беру |
18 | Тараптарының бірі коммерциялық емес ұйым болып табылатын өтеусіз мәміле |
19 | Ақша қаражатын пайдаланбай, бағалы қағаздармен есеп айырысуды көздейтін өтеулі мәміле |
21 | Ақшалай есеп айырысусыз сыртқы сауда бартерлік мәмілесі |
22 | Уәкілетті банкте шартты (келісімшартты) есепке қою туралы талап қолданылатын шарт шеңберінде ақшалай және/немесе өзге де төлем құралдарын пайдалана отырып есеп айырысуды көздейтін сыртқы сауда бартерлік мәмілесі |
23 | Уәкілетті банкте шартты (келісімшартты) есепке қою туралы талап қолданылмайтын шарт (келісімшарт) шеңберінде ақшалай және/немесе өзге де төлем құралдарын пайдалана отырып есеп айырысуды көздейтін сыртқы сауда бартерлік мәмілесі |