"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 104 бұйрығы

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесінде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      12. Орталық кеден зертханасына өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Орталық кеден зертханасына Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.";

      14-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық (цифрлық) жүйелерді, байланыс және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануды жүзеге асыру;";

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық (цифрлық) жүйелер арқылы басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Орталық кеден зертханасы басшысының орынбасарлары болады.";

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларын, Орталық кеден зертханасының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларын және қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ережеде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Оқу-әдістемелік орталығына өкiлеттіктерi болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Оқу-әдістемелік орталығына Қазақстан Республикасы заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жолданады.";

      15-тармақ 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "14-1) жаңадан тіркелген салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді орындау тәртібіне, оның ішінде мемлекеттік кірістер органының (ақпараттандыру) цифрлық объектілерін пайдалана отырып оқытып-үйрету;

      14-2) халықтың салық мәдениетін арттыру;

      14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салық мәдениетін арттыру үшін оқу баспа қызметін жүзеге асыру;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасарлары болады.";

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларын, Оқу-әдістемелік орталығының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларын және қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Д.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік мекемелердің басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықты органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Комитеттің Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты Комитеттің мемлекеттік мекемелерінің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы
Ж. Дүйсембиев

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 "Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 июля 2026 года № 104

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 "Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Центральной таможенной лаборатории Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Центральной таможенной лаборатории запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Центральной таможенной лаборатории.

      Если Центральной таможенной лаборатории законами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в бюджет государства.";

      абзац второй подпункта 1) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "осуществлять эксплуатацию информационных (цифровых) систем, систем связи и передачи данных, технических средств таможенного контроля, а также средств защиты информации в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      подпункт 3) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "3) осуществление взаимодействия с другими государственными органами и иными организациями посредством информационных (цифровых) систем в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Руководитель Центральной таможенной лаборатории имеет заместителей.";

      подпункт 3) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "3) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей своих заместителей, руководителей структурных подразделений, работников Центральной таможенной лаборатории;";

      в Положении об Учебно-методическом центре Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Учебно-методическому центру запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Учебно-методического центра.

      Если Учебно-методическому центру законами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в бюджет государства.";

      пункт 15 дополнить подпунктами 14-1), 14-2) и 14-3) следующего содержания:

      "14-1) обучение вновь зарегистрированных налогоплательщиков порядку исполнения налоговых обязательств, в том числе с использованием цифровых объектов (информатизации) органа государственных доходов;

      14-2) повышение налоговой культуры населения;

      14-3) осуществление в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, учебной издательской деятельности для повышения налоговой культуры налогоплательщиков Республики Казахстан;";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Руководитель Учебно-методического центра имеет заместителей.";

      подпункт 2) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "2) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей своих заместителей, руководителей структурных подразделений, работников Учебно-методического центра;".

      2. Юридическому управлению Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ахметов Д.К.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить направление копии настоящего приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Руководителям государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) принять меры, необходимые для реализации настоящего приказа;

      2) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе учреждения.

      4. Организационно-контрольному управлению Департамента управления персоналом и внутреннего администрирования Комитета (Тобатаев Ч.А.) настоящий приказ довести до сведения государственных учреждений Комитета.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель Комитета государственных
доходов Министерства финансов
Республики Казахстан
Ж. Дуйсембиев