"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №507 қаулысының қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4040 болып тіркелген) осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
2. "Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін салалық орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Жиенқұлов |
| Меркі ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "28" шілдедегі | |
| №227 қаулысына қосымша |
Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Индекс | Автомобиль жолдарының атауы | Ұзақтығы (шақырым) |
1 | 2 | 3 | 4 |
15 | КН-MK-15 | "Андас батыр - Аспара" автомобиль жолы 0-35,9 | 35,9 |
16 | КН-MK-16 | "Меркі - Шу" автомобиль жолы 0-8 | 8 |
17 | КН-MK-17 | "Қырғыстан шекарасына батыстан кіру" автомобиль жолы 0-7,7 | 7,7 |
18 | КН-MK-18 | "Меркі - Меркі шипажайы" автомобиль жолы 0-12 | 12 |
БАРЛЫҒЫ | 159,5 | ||