"Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2026 жылғы 19 тамыздағы № 60-5 шешімі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII Заңдарына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 25-4 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Шу аудандық мәслихатының регламентіндегі:

      10 – тармақтың үшінші абзацындағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      46 – тармақтағы "мәслихаттың сессиясында кезекті шақырылымның бүкіл мерзіміне айқындалатын" деген сөздер алынып тасталынсын;

      48 – тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады";

      Мәслихат регламенті мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:

      "10 – тарау. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті.

      78. Мәслихат аппаратының басшысы:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады".

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Мәслихат төрағасы Ж. Абенов

О внесении изменений и дополнений в решение Шуского районного маслихата от 28 февраля 2022 года № 25-4 "Об утверждении Регламента Шуского районного маслихата"

Решение Шуского районного маслихата Жамбылской области от 19 августа 2026 года № 60-5

      В соответствии с Законами "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственного управления и местного самоуправления" от 14 июля 2026 года № 350-VIII и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам приведения их в соответствие с Конституцией Республики Казахстан, совершенствования законодательства Республики Казахстан о выборах, прокуратуре и социальном обеспечении" от 11 июня 2026 года № 306-VIII, Шуcкий районный маслихат РЕШИЛ:

      1. В решение Шуского районного маслихата от 28 февраля 2022 года № 25-4 "Об утверждении Регламента Шуского районного маслихата" внести следующие изменения и дополнения:

      В Регламенте Шусского районного маслихата, утверждҰнном настоящим решением:

      В абзаце третьем пункта 10 слово "пять" заменить словом "семь";

      в пункте 46 слова "который определяется на сессии маслихата на весь срок очередного созыва" исключить;

      пункт 48 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "Назначает на должность и освобождает от должности руководителя аппарата маслихата";

      Регламент маслихата дополнить главой следующего содержания:

      "Глава 10. Компетенция руководителя аппарата маслихата.

      Руководитель аппарата маслихата:

      1) руководит деятельностью аппарата маслихата;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность аппарата маслихата в пределах своей компетенции;

      3) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата маслихата;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий аппарата маслихата;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим аппарата маслихата;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата маслихата;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя аппарата.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Абенов Ж.