Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі" қосымшасында 31,32,33,34,35,36 және 37, 38 тармақтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын :
"31. "Идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы" - Мацитентан препараты .
32. "Жүйелі қызыл жегі"- Ритуксимаб препараты.
33. "Көптік миелома" - Помалидомид препараты.
34. "Созылмалы В-жасушалы лимфоцитарлы лейкоз" - Вентокласт препараты.
35. "Аорта доғасының синдромы" - Тоцилизумаб препараты.
36. "Жүйелі қызыл жегі"- Микофенол қышқылы препараты.
37. "Ювенильді идиопатиялық артрит" - Канакинумаб препараты.
38. "Идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы" - Бозентан препараты.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Шингисов |