Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы

Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 156 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б.Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы "01" маусымдағы
№ 156 қаулысына
қосымша

Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары

      1. Жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер.

      2. Жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер.

      3. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұсталымдар.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар.

      5. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар.

      6. Тұрғын үй төлемдері, жеке тұлғаларға трансферттер, шәкіртақылар, банктік қызметтерге ақы төлем, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      7. Тамақтануды ұйымдастыру және азық-түлік өнімдерін сатып алу жөніндегі қызметтер, дәрілік заттарды, киім-кешек пен жанармайды (ғимараттарды жылыту бөлігінде) сатып алу, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері.

      8. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары туындаған жағдайда жүргізілетін төлемдер.

      9. Қызметтік іссапарлар мен қызметтік жол жүрулер.

      10. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.

Об определении приоритетных направлений расходов областного бюджета

Постановление акимата области Жетісу от 1 июня 2026 года № 156

      В соответствии со статьей 29 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 328 "Об утверждении процедур казначейского исполнения бюджета и их кассового обслуживания, процедур казначейского учета и мониторинга", акимат области Жетісу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить приоритетные направления расходов областного бюджета, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области Жетісу.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б.Исабаев

  Приложение
к постановлению акимата
области Жетісу
от "01" июня 2026 года
№ 156

Приоритетные направления расходов областного бюджета

      1. Выплаты по погашению и обслуживанию долговых обязательств МИО.

      2. Пособия и другие социальные выплаты.

      3. Выплата заработной платы и других денежных выплат, в том числе заработная плата внештатного технического персонала и все удержания из заработной платы.

      4. Денежные компенсации, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.

      5. Алименты, обязательные пенсионные взносы, обязательные пенсионные взносы работодателей, профессиональные и добровольные пенсионные взносы, социальные отчисления, отчисления и (или) взносы на обязательное социальное медицинское страхование.

      6. Жилищные выплаты, трансферты физическим лицам, стипендии, оплата банковских услуг, бюджетные субвенции, налоги и другие обязательные платежи в бюджет.

      7. Услуги по организации питания и приобретению продуктов питания, приобретение лекарственных средств, обмундирования и топлива (в части отопления зданий), коммунальные услуги, услуги связи, транспортные услуги.

      8. Платежи в случае возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера и их последствий.

      9. Командировочные и служебные разъезды.

      10. Исполнение исполнительных документов и судебных актов.