Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б.Исабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын пайдалануды, реттеу және қорғау жөніндегі комитетінің Су ресурстарын пайдалануды, реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы |
| Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы "17" тамыздағы № 219 қаулысына 1 - қосымша |
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймақтарының ені, (метр) | Су қорғау белдеулерінің ені (метр) |
1 | Голубиновка өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
2 | Мельничный өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
3 | Қоғалы өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
4 | Сарыбұлақ өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
5 | Тыңбас өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
6 | Рай көлдері | Ақсу ауданы | 300 | 100 |
7 | Көксай жоба аймағындағы су объектілері (Қоғалы өзені, Қосбастау, Бұлақ, Қарамола, Байғабат, Көксай, Белый ключ, Коноваловская, Бурымбай жылғалары) | Кербұлақ ауданы | 500 | 35 |
8 | Шет Тентек өзені | Алакөл ауданы | 500 | 75 |
9 | Орта Тентек өзені | Алакөл ауданы | 500 | 35-100 |
10 | Қапал өзені | Ақсу ауданы | 500 | 35-75 |
11 | Қора өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-55 |
12 | Балықты өзені | Ескелді ауданы Талдықорған қаласы | 500 | 35-75 |
13 | Текелі өзені | Ескелді ауданы, Текелі қаласы | 500 | 35-75 |
14 | Қусақ (Кемір) өзені | Ескелді ауданы | 500 | 35-100 |
15 | Үшарал өзені | Панфилов ауданы | 500 | 35-75 |
16 | Шыжын өзені | Панфилов ауданы | 500 | 50-100 |
17 | Тышқан өзені | Панфилов ауданы | 500 | 35 |
18 | Айнабұлақ өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-75 |
19 | Майтөбе өзені | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
20 | Қошқаркөл көлі | Алакөл ауданы | 500 | 35 |
21 | Өсек көлі | Панфилов ауданы | 500 | 35-55 |
22 | Балқаш көлі (Лепсі ауылдық округі) | Сарқан ауданы | 500 | 35-50 |
23 | Алакөл көлі | Алакөл ауданы | 500+до170 | 100+до170 |
24 | Шет Тентек өзені және Орта Тентек өзені Л-44-78 (10e-5b-5), L-44-79 (10г-5а-1,2) үш блок үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасында | Алакөл ауданы | 500 | 35-100 |
25 | Бұрқан өзені | Панфилов ауданы | 500-600 | 35-100 |
26 | Байғазы өзені | Кербұлақ ауданы | 500-600 | 35-100 |
27 | Қызылащы өзені | Кербұлақ ауданы | 500-550 | 35-100 |
28 | Балықты өзені (кадастрлық нөмірлері: 03-268-949-381, 03-268-950-379 жер учаскелері шегінде) | Талдықорған қаласы | 500 | 35-100 |
29 | Жобаланған 220 киловольт, 110 киловольт желілерінің және автожол шекараларындағы Қарағайлы, Самін, Дүйсейін, Шібіже, Шақпақты, Біжі жылғалары, Бәйтерек өзені, Қоғалы саласы, Қырғауылды ағыны (арнасы), Тасбастау жылғалары (сол Тасбастау), Тасбастау саласы (оң Тасбастау), аты жоқ құрғақ арна-1 | Кербұлақ ауданы | 500 | 35 |
30 | Бәйтерек, Развилинка және Мамырқан өзендері салаларымен гидротехникалық құрылыстар салу шекараларында | Кербұлақ ауданы | 500 | 35-100 |
31 | Балқаш көлі | Қаратал ауданы, Сарқан ауданы | 1000 | 100 |
32 | Іле өзені | Панфилов ауданы | 1000 | 100 |
33 | Қаратал өзені | Текелі қаласы, Ескелді ауданы, Көксу ауданы, Қаратал ауданы | 250-500 | 35-100 |
34 | Көксу өзені | Кербұлақ ауданы, Ескелді ауданы, Көксу ауданы | 50 (табиғи географиялық шекаралары – таулар) – 1000 | 35-150 |
35 | Теректі өзені, Теректі кен орнының тау-кен телімі шегінде | Сарқан ауданы | 250-500 | 35-55 |
36 | Алтай көлдері | Сарқан ауданы | 500 | 100-150 |
37 | Игілік (Шылбыр) өзенінің Қарашоқы ауылы шекарасындағы учаскесі | Кербұлақ ауданы | 500 | 50-75 |
38 | Шыжын өзені кадастрлық нөмірі: 24-262-073-1330 жер учаскесінің шекарасында | Панфилов ауданы | 500 | 35 |
Ескертпе: су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының координаттары бекітілген жобалық құжаттама және картографиялық материалдарда көрсетілген.
| Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы "17" тамыздағы № 219 қаулысына 2 - қосымша |
Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
4. Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.
6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.