БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 533/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) байланыс операторының шақыруға бастамашы болған абонент туралы ақпаратты ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беру қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) әлеуметтік және мемлекеттік мәні бар мобильді қосымшалардың тізбесін әзірлеу;";
29) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша алып тасталсын;
72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"72) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттіліктерін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "цифрлық үкімет" операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;";
мынадай мазмұндағы 93-1) тармақшамен толықтырылсын:
"93-1) байланыс операторларының телекоммуникациялардың цифрлық картасында көрсету үшін Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс құрылысжайлары мен желілерінің бар-жоғы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;";
108) тармақша алып тасталсын;
109) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"109) пошта байланысының қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:
"120-1) байланыс саласында жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамытуды ынталандыруға бағытталған байланыс саласындағы жобаларды іске асыруға қатысу;";
125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"125) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де цифрлық ортаның субъектілерін айқындау;";
132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"132) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша спутниктік байланыс желілерін, оның ішінде пилоттық жоба шеңберінде пайдалану қағидаларын әзірлеу;";
141) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"141) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "цифрлық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Мәдиев |