БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларына 2-қосымшада:
"Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері" кестесінде:
3.1-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
4.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4.3 | Халықтың тұрғынжайдың жалпы ауданымен қамтамасыз етілуі: | м2 / адам |
".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нағаспаев |