БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 360 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Қырықбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт |
|
| министрінің | |
| 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 360 бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с № | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)атауы | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігінің көрсетілген құны, теңгемен |
1 | Құжатты көшіру: | ||
1) | А4 форматында | 1 бет | 20 |
2) | А3 форматында | 1 бет | 30 |
2 | Құжатты сканерлеу: | ||
1) | А4 форматында | 1 бет | 50 |
2) | А3 форматында | 1 бет | 100 |
3) | А2 форматында | 1 бет | 200 |
4) | А1 форматында | 1 бет | 500 |
5) | көне басылымдар мен құнды құжаттарды | 1 бет | 800 |
6) | 1900 жылдан бастап жазылған қолжазбаларды | 1 бет | 1 000 |
7) | ХХ ғасырға дейінгі қолжазбаларды | 1 бет | 1 200 |
8) | сирек қордағы журналдарды | 1 бет | 400 |
9) | сирек қордағы газеттерді: | ||
А3 форматында | 1 бет | 600 | |
А2 форматында | 1 бет | 800 | |
3 | Электронды құжаттарды, музыкалық шығармаларды сыртқы ақпаратты тасымалдауыштарға көшіру |
1 құжат | 200 |
4 | Құжаттарды әртүрлі тасымалдаушы түрлерінен басып шығару: | ||
1) | А4 формат | 1 бет | 40 |
2) | А3 формат | 1 бет | 50 |
3) |
Тактильді Брайль қарпімен | 1 бет | 200 |
5 | Индексті беру (әмбебап ондық жіктеу, кітапханалық-библиографиялық жіктеу) | 1 индекс | 1000 |
6 | Тақырыптық тізімдерді жасау, тақырыптық библиографиялық және фактографиялық сұраныстарды орындау | ||
1) | Кітапхананың деректер базасын пайдалана отырып тақырыптық тізімдер жасау. | 1 бет | 500 |
2) | ҚРҰАК, ҚазҰЭК қорындағы басылымдарды қарау арқылы фактографиялық анықтаманы орындау (бір адам туралы, бір мәселе, оқиға немесе факт бойынша ақпарат іздеу) | 1 анықтама | 3 000 |
3) | Түптелген газеттердің әр беті бойынша ақпаратты іздеу | 1 түп | 300 |
4) | Журналдардың әр беті бойынша ақпаратты іздеу | 1 журнал | 150 |
7 | Библиографиялық көрсеткішті жасау және баспаға дайындау (іздеу, құрылымдау, ресімдеу) |
50 бетке дейін |
50 000 |
8 | Тақырып бойынша библиографиялық тізімдерді редакциялау | 1 тізім | 200 |
9 | Көшпелі тақырыптық-ақпараттық іс-шараны ұйымдастыру | 1 іс-шара | 180 000 |
10 | Көшпелі көрмені ұйымдастыру | 1 көрме | 270 000 |
11 |
Қосымша кәсіби білім беру |
1 курс (32 | 96 000 |
12 | Мәтіндерді қазақ/орыс/ағылшын тілдеріне аударуды жүзеге асыру | 1 бет | 2 000 |
13 | Қолжазбаларға сараптама жасау | 1 қолжазба | 20 000 |
14 | Құнды кітаптарға сараптама жасау | 1 кітап | 10 000 |
15 | Құжаттарды электронды жеткізу | 1 бет | 50 |
16 | Экскурсия жасау(кемінде 5 адам) | 1 адам | 200 |
17 | Жеке және заңды тұлғалар үшін фото және видеотүсірілімдер жүргізу (5 адамнан тұратын 1 топ) | 1 сағат | 25 000 |
18 | Кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу |
50 бетке дейін |
1500 - 3 500 |
19 | Білім беру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін кітапхана залдарын ұсыну | ||
1) | Конституция залы | 80 орынға дейін, конференциялық құрылғылар, экран, техникалық сүйемелдеу | 2 сағатқа дейін – 100 000; 5 сағатқа дейін – келесі әрбір 1 (бір) сағат үшін базалық тарифтің 50%-ы; 5 сағаттан астам – келесі әрбір 1 (бір) сағат үшін базалық тарифтің 20%-ы |
2) | М.Мақатаев атындағы зал | 130 орынға дейін, экран, микрофондар, техникалық сүйемелдеу |
2 сағатқа дейін – 80 000; |
3) | Ә.Нұрпейісов атындағы зал | 30 орынға дейін, конференциялық құрылғылар, экран, техникалық сүйемелдеу |
2 сағатқа дейін – 60 000; |
4) | М.Жолдасбеков атындағы зал | 50 орынға дейін, микрофондар, телевизор, техникалық сүйемелдеу |
2 сағатқа дейін – 50 000; |
5) | Ф.Оңғарсынова атындағы зал | 30 орынға дейін, телевизор, техникалық сүйемелдеу |
2 сағатқа дейін – 40 000; |
6) | Ә.Кекілбаев атындағы зал | 20 орынға дейін, телевизор, техникалық сүйемелдеу |
2 сағатқа дейін – 40 000; |
7) | Дыбыс жазу студиясын (жабдықсыз) пайдалануға ұсыну | 1 сағат | 5 000 |