"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Осакаров ауданының аумақтық құрылымы бойынша әкімшілік өзгерістерді енгізу туралы ұсыныс" бірлескен Осакаров ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы №18/04 қаулысына және Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 наурыздағы №46/454 шешіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің Қасенбай ауылы кейіннен есептік деректерден алына отырып, аумағы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағынысына қосылу арқылы таратылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Кобжанов |
| Бірлескен 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 65/01 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына және 2026 жылғы 17 қыркүйектегі № 427 Қарағанды облысы мәслихатының шешіміне қосымша |

