"Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2026 жылғы 5 тамыздағы № 53/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) шекарасы айналасында ені кемінде екі шақырым, жалпы ауданы 138917 гектар болатын, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай және жер санатын өзгертпей

      ұлттық парк шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағының шекарасы;

      осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ұлттық парктің қорғау аймағы аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2026 жылғы 5 тамыздағы
№53/02 қаулысына қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі

      1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) қорғау аймағында мыналарға тыйым салынады:

      1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауғ;

      8) ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке.

      2. Ұлттық парктің қорғау аймағы аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерлерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу және оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      3. Ұлттық парк қорғау аймағында 2-баптың 48-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға тиіс, сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілерінің дербестігі қамтамасыз етілуі қажет.

      4. Ұлттық парк қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне қойылатын шектеулер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

Об установлении охранной зоны республиканского государственного учреждения "Каркаралинский государственный национальный природный парк"

Постановление акимата Карагандинской области от 5 августа 2026 года № 53/02

      В соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить:

      охранную зону вокруг границы республиканского государственного учреждения "Каркаралинский государственный национальный природный парк" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан" (далее – национальный парк) шириной не менее двух километров, общей площадью 138917 гектар, без изъятия у собственников земельных участков и землепользователей и без изменения категории земель;

      границу охранной зоны по периметру границы национального парка;

      режим и порядок природопользования на территории охранной зоны национального парка согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Булекпаев

  Приложение к постановлению акимата
Карагандинской области
от 5 августа 2026 года №53/02

Режим и порядок природопользования на территории охранной зоны государственного учреждения "Каркаралинский государственный национальный природный парк" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      1. В охранной зоне республиканского государственного учреждения "Каркаралинский государственный национальный природный парк" Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее - национальный парк) запрещаются:

      1) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы государственного национального природного парка;

      2) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод;

      3) разведка и добыча полезных ископаемых, за исключением случаев, указанных в пункте 2 статьи 84-2 Закона "Об особо охраняемых природных территориях";

      4) охота;

      5) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;

      6) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологических систем национального парка (строительство гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);

      7) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;

      8) другая деятельность, способная оказать вредное воздействие на экологические системы национального парка.

      2. На территории охранной зоны национального парка могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние экологических систем национального парка:

      1) лесохозяйственная деятельность;

      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;

      3) туристская и рекреационная деятельность;

      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;

      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство, а также рыбоводство;

      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;

      7) рекультивация нарушенных земель;

      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;

      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;

      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов растений и животных, а также строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников государственного национального природного парка, предоставления им служебных земельных наделов.

      3. В охранной зоне национального парка при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 2 статьи 48 Закона "Об особо охраняемых природных территориях", должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов растительного и животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов государственного природно-заповедного фонда.

      4. Ограничения хозяйственной деятельности собственников земельных участков и землепользователей в охранной зоне национального парка устанавливаются решениями местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы в соответствии с Законом "Об особо охраняемых природных территориях".