"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2- тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының аумағында, Вагонная көшесі, № 1, № 3, № 2/1, № 2/2 және № 2/3 үйлердің мекенжайлары бойынша орналасқан аумақ шегінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын;
2. Төтенше жағдайды жоюды4 басшысы болып Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Р.М. Кожакапанов тағайындалсын;
3. 2026 жылғы 6 мамырдағы № 2 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қарағанды қаласы әкімінің шешімінің күші жойылсын;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын;
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| М. Кожухов |