Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, RND-AGU16 торабы мекенжайы бойында "Қолжетімді интернет" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,1131 га және 0,4830 га жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Т. Сақтағанов |