Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы Мендіқара ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауларын, индекстерін және тізбесін бекіту туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30606 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген каулынын қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ғ. Бекбаев |
| Меңдіқара ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "___" ____________ | |
| № ___ қаулысына қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары, индекстері және тізбесі
Р/с № | Автомобиль жолдарының индекстері | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | КР-МД-1 | "Боровское - Буденновка" | 30,0 |
2 | КР-МД-2 | "Боровское - Молодежное" | 32,0 |
3 | КР-МД-3 | "Боровское - Ұзынағаш" | 62,0 |
4 | КР-МД-4 | "Степановка - Борки" | 27,6 |
5 | КР-МД-5 | "Каменскуральское ауылына кіреберіс" | 5,0 |
6 | КР-МД-6 | "Қасқат ауылына кіреберіс" | 20,0 |
7 | КР-МД-7 | "Алешинка ауылына кіреберіс жол" | 1,0 |
8 | КР-МД-8 | "Ауылға кіреберіс жол Буденновка" | 3,5 |
9 | КР-МД-9 | "Буденновка ауылы (көпірден) - Қызылту ауылына" | 5,0 |
10 | КР-МД-10 | "Кіреберіс оңалту орталығына" | 3,6 |
11 | КР-МД-11 | Күлшұқай ауылына кіреберіс жол | 18,0 |
12 | КР-МД-12 | "Новониколаевка ауылына кіреберіс" | 5,0 |
13 | КР-МД-13 | "Харьковское ауылы – Сосна ауылы" | 1,2 |
14 | КР-МД-14 | "Теңіз ауылына кіреберіс" | 8,0 |
15 | КР-МД-15 | "Харьковское ауылына кіреберіс" | 8,0 |
16 | КР-МД-16 | "Каменка ауылына кіреберіс" | 17,0 |
17 | КР-МД-17 | "Көктерек ауылына кіреберіс" | 0,5 |
18 | КР-МД-18 | "Шиелі ауылына кіреберіс" | 0,8 |
19 | КР-МД-19 | "Ивановка ауылына кіреберіс" | 1,0 |
20 | КР-МД-20 | "Лесное ауылына кіреберіс" | 5,0 |
21 | КР-МД-21 | "Лесное ауылы – Никитинка ауылы" | 12,0 |
22 | КР-МД-22 | "Никитинка ауылына кіреберіс" | 8,0 |
23 | КР-МД-23 | "Красносельское ауылына кіреберіс" | 9,0 |
24 | КР-МД-24 | "Харьковское ауылы – Приозерное ауылы" | 1,0 |
25 | КР-МД-25 | "Первомайское ауылына кіреберіс" | 3,3 |
26 | КР-МД-26 | "Красная Пресня ауылына кіреберіс" | 3,5 |
Барлығы | 291,0 | ||