Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" мәслихаттың 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 343 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8916 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдар қызметінің мәселелері;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Н. Болатов |