ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 47 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесінде:
4-тармақтың екінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі