БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 18 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
Қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары";
2-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Бірыңғай оператор даму жоспары түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұйымның электрондық мекенжайына даму жоспарының тізілімге қабылданғаны туралы хабарлама не оны қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама жібереді.
Мыналар:
1) бекітуші органның даму жоспарының бекітілгені туралы қоса берілген сканерленген шешімінің болмауы;
2) ұйымға тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою даму жоспарын қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Бірыңғай оператор даму жоспарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда ұйым ескертулерді жойып, даму жоспарын қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға даму жоспарын қайта енгізеді.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есепке есепті жылдан кейінгі 25 (жиырма бесінші) қазаннан кешіктірмей басқарушы органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылып, ол тізілімнің веб-порталы арқылы бірыңғай операторға жіберіледі.
Бірыңғай оператор даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде басқарушы органның электрондық мекенжайына даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеудің нәтижелері туралы есептің тізілімге қабылданғаны туралы хабарлама не оны қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама жолдайды.
Басқарушы органға тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есепті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Бірыңғай оператор даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда басқарушы орган даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есепті қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ескертулерді жойып, бірыңғай операторға оны қайта жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшадағы Ұйым паспортында:
79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
79 | Жарғылық капитал, мың теңге | Жарғыға сәйкес | |
80 | Төленбеген |
";
19-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
20-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
21-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
22-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
23-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
24-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
25-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
26-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
27-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
28-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
29-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
30-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
31-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
32-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі