Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 2 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде Тереңкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Ринат Қадырбекұлы Мадин тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба на территории района Тереңкөл

Решение акима района Тереңкөл Павлодарской области от 29 апреля 2026 года № 2

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера от 27 апреля 2026 года № 2 аким района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера объектового масштаба на территории района Тереңкөл.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба назначить заместителя акима района Тереңкөл Мадина Рината Кадырбековича.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Мангутов