Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 3 "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актідерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 9 қазанда № 1644 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 651 сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталығы: Алматы қаласы, Құрамыс шағын ауданы, Ақселеу Сейдімбек көшесі, 200/3.
Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 219 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".
2. "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің Аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Тоғызбаева |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Алматы қаласы аумақтық | |
| сайлау комиссиясының төрағасы | А.Қалықова |