"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақысын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 2/21 шешімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім қол койылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихат төрағасы | А. Бердағұлов |
| 2026 жылғы "28" тамыздағы | |
| № 2/40 | |
| Петропавл қаласы | |
| маслихатының шешіміне | |
| 6 Қосымша |
Петропавл қаласы әкімдігінің "Отбасыны қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
№ | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жүргізуші | 50% |