"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Заречный кентін тұрақты тұруға жарамсыз аумақ деп тану туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1828 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-қосымша жаңа редакцияда 1-қосымшаға сай жазылсын.
2. 2-қосымшадағы "Комиссия құрамы мен жұмыс тәртібі" бөлімінің 1-жолы мынадай редацияда жазылсын: "Комиссия тақ санды мүшелерден, бірақ кемінде бес адамнан құрылады. Комиссия құрамына Петропавл қаласы әкімдігі қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді. Комиссия отырысының кворумы комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысқан кезде қалыптасқан болып есептеледі. Отырыстар офлайн форматта (жеке қатысу арқылы), сондай-ақ онлайн форматта (бейне-конференцбайланысты пайдалану арқылы) өткізіледі. Онлайн режимде қатысу нақты қатысуға теңестіріледі және кворумды айқындау кезінде есепке алынады".
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
| Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "___" _______ | |
| № ____ қаулысына | |
| 1-қосымша |
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы
Шаймерденова Айнұр Қайратқызы | қала әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы |
Зуевич Эмилия | "Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі" КММ құқықтық жұмыс, коммуналдық және ипотекалық тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының бас маманы |
Комиссия мүшелері | |
Бердағұлов Арман Сағатұлы | Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы (келісім бойынша) |
Афанасьев Павел Васильевич | Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
Ысқақов Марат Жақсылықұлы | "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Козлов Владимир Иванович | қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қожахметов Марат Тәшімұлы | Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
Жалмұқанова Ләззат Жұматайқызы | Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) |
Иманов Төлеген Серікұлы | ЖК "Иманов Т.С." (келісім бойынша) |
Пішенбаев Қайрат Сәкенұлы | "Ауыл" ХДПП СҚО облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша) |
Василенко Дмитрий Геннадьевич | "Петропавл темір жол дабылы және байланыс дистанциясы" ППО төрағасы (келісім бойынша) |
Қапкенова Әсел Әшімқызы | "Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ сәулет, қала құрылысы және техникалық секторының меңгерушісі |