Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 8-48-1 шешімі

      Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8-9-2 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7631-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "7) күнкөріс минимумы – мөлшері жағынан ең төменгі тұтыну қоржыны құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табыс;";

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын, жылына 1 (бір) рет) көрсетіледі және өтініш жасалған айдан бастап жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын.

      9, 10, 11 және 13-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын азаматтардың мынадай санаттарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы тәртіппен көрсетіледі:

      1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға - жылына бір рет;

      2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) - біржолғы.

      10. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      азаматтарға (отбасыларға) табиғи зілзаланың салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал жағдайында – тұрғын үйдің (тұрғын құрылыстың) меншік иелерінің біріне, табиғи зілзала фактісін растайтын құжат негізінде, орын алған жағдайдан бастап алты айдан кешіктірмей, біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

      азаматтарға (отбасыларға) өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың жылжымайтын мүлкіне келтірілген залал жағдайында – тұрғын үйдің (тұрғын құрылыстың) меншік иелерінің біріне, өрт фактісін растайтын құжат негізінде, орын алған жағдайдан бастап алты айдан кешіктірмей, біржолғы 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісіктері бар адамдарға жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі;

      амбулаториялық емдеуде болатын туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымның анықтамасы негізінде, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген күнкөріс минимумы мөлшерінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын.

      11. Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, осы Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Семей ядролық сынақ полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүрудің нақты құнын өтеуге, жөнелту станциясынан госпитализация орнына дейін және кері қайтуға теміржол көлігімен (плацкарт вагоны), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа), жылына 1 (бір) рет, жол жүру құжаты, госпитализацияны растайтын құжат және аталған санаттарға жататынын растайтын құжат ұсынылған кезде;

      емдеуші дәрігердің рецепті бойынша арнайы емдік тағам тағайындалған, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізілмеген мүгедектігі бар балаларға – ұсынылған шот-фактураға сәйкес ай сайын, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, осы Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, асыл металдардан және металлкерамика, металлакрилден жасалған протездерді қоспағанда, тіс протездеудің нақты құнын өтеуге, (1 жылда бір рет), 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ аталған санаттарға жататынын растайтын құжатты ұсынған кезде.

      13. Санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек табысы ескерілмей мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, 1 бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда сондай-ақ жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, санаторийлік-курорттық емдеуді көздейтін жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымына сәйкес және санаторийлік-курорттық картаның үзінді көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторийлік-курорттық емделуге санаторийлік-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, жылына 1 (бір) рет, әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың негізінде және санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсынған кезде көрсетіледі.

      мүгедектігі бар баланы жеті жасқа дейін, жеті жастан он сегіз жасқа дейін, бірінші, екінші, үшінші топта, мүгедектігі бар адамды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторлы-курорттық ем ұсынатын ұйымдарға алып жүретін заңды өкілдердің біріне, бірақ бір ілесіп жүретін адамнан аспайтын, емдеу рәсімдерін қоспағанда, жылына 1 рет тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ құжатты ұсына отырып, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайды, санаторий-курорт ұйымы берген құжатты көрсету арқылы төлеуге мүмкіндік беріледі.".

      12-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Әбілқайырова

О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 20 ноября 2023 года № 8-9-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района Северо-Казахстанской области"

Решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 14 июля 2026 года № 8-48-1

      Айыртауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Айыртауского районного маслихата от 20 ноября 2023 года № 8-9-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Айыртауского района Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7631-15) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных вышеуказанным решением:

      подпункт 7) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "7) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 (один) раз в год) и осуществляется с месяца обращения.";

      подпункт 8) пункта 7 исключить.

      пункты 9, 10, 11 и 13 изложить в следующей редакции:

      "9. Социальная помощь оказывается следующим категориям граждан, с учетом среднедушевого дохода не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей:

      1) лицам, имеющим социально значимые заболевания - один раз в год;

      2) лицам (семьям), среднедушевой доход которых не превышает порог однократного размера прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете - единовременно.

      10. Социальная помощь предоставляется следующим категориям нуждающихся граждан без учета среднедушевого дохода:

      гражданам (семьям), в случае причинении ущерба гражданам (семьям) либо их недвижимому имуществу вследствие стихийного бедствия - единовременно, в размере до 100 (сто) месячных расчетных показателей, одному из собственников жилья (жилого строения), срок оказания социальной помощи не позднее шести месяцев с момента произошедших обстоятельств, на основании документа, подтверждающего факт стихийного бедствия;

      гражданам (семьям), в случае причинении ущерба гражданам (семьям) либо их недвижимому имуществу вследствие пожара - единовременно, в размере до 200 (двести) месячных расчетных показателей, одному из собственников жилья (жилого строения), срок оказания социальной помощи не позднее шести месяцев с момента произошедших обстоятельств, на основании документа, подтверждающего факт пожара;

      лицам со злокачественным новообразанием II, II A либо IV клинической группы в соответствии с Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 ноября 2021 года № ҚР ДСМ-112 "Об утверждении стандарта организации оказания онкологической помощи населению Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25167) (один) раз в год в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, больным туберкулезом и находящимся на амбулаторном лечении ежемесячно в размере 6 (шесть) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям инфицированных детей, вызванных вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете на основание справки медицинского учреждения, осуществляющий деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции.

      11. Социальная помощь в виде денежной помощи предоставляется следующим категориям нуждающихся граждан без учета среднедушевого дохода:

      ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, указанным в статье 8 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) части первой статьи 8 Закона, лицам пострадавшим в зоне Семипалатинского ядерного полигона, на возмещение фактической стоимости проезда, 1 (один) раз в год от станции отправления до места госпитализации и обратно по территории Республики Казахстан железнодорожным (плацкартный вагон), автомобильным пассажирским транспортом (кроме такси), при предоставлении проездного и подтверждающего госпитализацию документа, а также документа, подтверждающего факт наличия статуса данных категорий граждан;

      детям с инвалидностью, которым назначено специализированное лечебное питание по рецепту лечащего врача не включенным в перечень лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан на имеющие определенные заболевания (состояния), ежемесячно согласно предоставленной счет-фактуре, но не более 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, указанным в статье 8 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) части первой статьи 8 Закона, на возмещение фактической стоимости зубопротезирования, периодически 1 (один) раз в год, не превышающую сумму в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей кроме драгоценных металлов и протезов из металлокерамики, металлоакрила, с предоставлением счет-фактуры и акта выполненных работ, а также документа, подтверждающего факт наличия статуса данных категорий граждан.

      13. Социальная помощь на санаторно-курортное лечение предоставляется без учета доходов следующим категориям нуждающихся граждан:

      ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, указанным в статье 8 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) части первой статьи 8 Закона, а также детям с инвалидностью до семи лет, с семи до восемнадцати лет, первой, второй, третьей группы при условии отсутствия разработанной индивидуальной программы абилитации и реабилитации в виде санаторно-курортного лечения, на санаторно-курортное лечение в санаториях (профилакториях) Республики Казахстан согласно рекомендациям лечебно-профилактического учреждения по месту жительства заявителя с предоставлением выписки санаторно-курортной карты, в размере стоимости санаторно-курортного лечения, но не более 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей, 1 (один) раз в год, на основании документа, подтверждающего социальный статус, с представлением акта выполненных работ (оказанных услуг), выданного санаторно-курортной организацией;

      одному из законных представителей, сопровождающему ребенка с инвалидностью до семи лет, с семи до восемнадцати лет, первой, второй, третьей группы, 1 раз в год, в размере фактических затрат за проживание и питание, за исключением лечебных процедур, но не более 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей, с предоставлением документа, выданного санаторно-курортной организацией.".

      пункт 12 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области Г. Абулкаирова