Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 43/626 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қазандағы № 9/118 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7604-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;

      2) Өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;

      3) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға – ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, диспансерлік есепте тұрған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне ай сайын, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      5) қатерлі ісіктері бар адамдарға жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      Осы тармақтың 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) арнайы комиссиямен өтінішін қарау талап етілмейді.";

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, азаматтардың мынадай санаттарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

      1) әлеуметтік мәні бар сырқаттары бар адамдарға, жылына бір рет;

      2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға), бір рет.";

      12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына кірістерді есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға тісті протездеуге, жұмыс түрлері мен материалдарын міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан тіс протездеуді төлегенін растайтын құжаттарды (шарт, фискалдық чек) көрсеткен кезде, жылына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеудің нақты құнын өтеуге;

      2) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға емдеу-профилактикалық мекемелерге бару және госпитализация орнына дейін және кері қайту үшін Қазақстан Республикасының аумағында теміржол және жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүрудің нақты құнын өтеу жылына бір рет жол жүру фактісі расталған жағдайда (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттердің төленгенін растайтын банк шотынан үзінді көшірме) және госпитализация фактісін растайтын құжаттар (емдеу-профилактикалық мекемеден берілген үзінді көшірме және басқа да құжаттар) ұсынылған кезде;

      3) жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар баланы алып жүретін заңды өкілдерінің біріне, жылына бір рет, емдік рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану бойынша нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көлемде, санаторийлік-курорттық ұйым берген растайтын құжат ұсынылған жағдайда;

      4) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға, сондай-ақ санаторийлік-курорттық емдеуді көздейтін әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жетіден он сегіз жасқа дейінгі балаларға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторийлік-курорттық емделуге, санаторийлік-курорттық картадан үзінді көшірмені, емдеу құны мөлшерінде орындалған жұмыстар шот-фактурасын және актісін ұсына отырып, жылына бір рет санаторийлік-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;

      5) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта санамаланған басқа да адамдарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;

      6) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген, емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға ай сайын ұсынылған шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.

      10-тармақтың 3) - 5) тармақшаларында және 12-тармақта көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      1) оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Есіл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы Е. Тұтқышев

О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 17 октября 2023 года № 9/118 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Есильском районе Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 14 июля 2026 года № 43/626

      Маслихат Есильского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Есильском районе Северо-Казахстанской области" от 17 октября 2023 года № 9/118 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7604-15) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Есильском районе Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Социальная помощь оказывается следующим категориям нуждающихся граждан, без учета среднедушевого дохода:

      1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия, единовременно, в размере до 100 (ста) месячных расчетных показателей одному из собственников жилья (жилого строения);

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие пожара, единовременно, в размере до 200 (двести) месячных расчетных показателей одному из собственников жилья (жилого строения);

      3) лицам, больным туберкулезом и находящимся на амбулаторном лечении ежемесячно в размере 6 (шести) месячных расчетных показателей;

      4) родителям или иным законным представителям инфицированных детей, вызванных вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете;

      5) лицам, имеющим злокачественных новообразований один раз в год в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей.

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 3) - 5) настоящего пункта рассмотрения заявления лица (семьи) специальной комиссией не требуется.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Социальная помощь оказывается следующим категориям граждан, за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении, с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей:

      1) лицам, имеющим социально значимые заболевания, один раз в год;

      2) лицам (семьям), среднедушевой доход которых не превышает порог однократного размера прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, единовременно.".

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Социальная помощь оказывается без учета доходов в виде денежной помощи следующим категориям граждан:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, перечисленным в статье 8, за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) статьи 8 Закона на возмещение фактической стоимости зубопротезирования, кроме драгоценных металлов и протезов из металлокерамики, металлоакрила, один раз в год, не превышающую сумму в размере 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей, при предъявлении документов, подтверждающих оплату зубопротезирования с организации, имеющей лицензию на проведение зубопротезирования, с обязательным указанием видов работ и материалов (договор, фискальный чек);

      2) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, перечисленным в статье 8, за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) статьи 8 Закона, а также лицам, пострадавшим в зоне Семипалатинского ядерного полигона, на возмещение фактической стоимости проезда по направлению лечебно-профилактических учреждений до места госпитализации и обратно по территории Республики Казахстан железнодорожным, автомобильным пассажирским транспортом (кроме такси), от станции отправления одного из видов указанных транспортных средств, один раз в год при подтверждении факта проезда (проездной билет, электронный проездной билет, выписка из банковского счета об оплате билетов) и предоставлении документов, удостоверяющих факт госпитализации (выписка из лечебно-профилактического учреждения и другие);

      3) одному из законных представителей, сопровождающему ребенка с инвалидностью до семи лет, с семи до восемнадцати лет первой, второй, третьей групп один раз в год в размере фактических затрат за проживание и питание, за исключением лечебных процедур, но не более 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей с предоставлением документа, выданный санаторно-курортной организацией;

      4) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, перечисленным в статье 8, за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) статьи 8 Закона, а также детям с инвалидностью до семи лет, с семи до восемнадцати лет первой, второй, третьей групп при условии отсутствия разработанной индивидуальной программы абилитации и реабилитации в виде санаторно-курортного лечения, на возмещение стоимости санаторно-курортного лечения в санаториях (профилакториях) Республики Казахстан, согласно рекомендациям лечебно-профилактического учреждения по месту жительства заявителя с предоставлением выписки из санаторно-курортной карты, счет фактуры и акта выполненных работ в размере стоимости санаторно-курортного лечения, но не более 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей один раз в год;

      5) ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, перечисленным в статье 8, за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) статьи 8 Закона на возмещение затрат за оплату коммунальных услуг и приобретения топлива, ежемесячно в размере 2 (двух) месячных расчетных показателей;

      6) детям с инвалидностью, которым назначено специализированное лечебное питание по рецепту лечащего врача, не включенным в перечень лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан на имеющие определенные заболевания (состояния), ежемесячно согласно предоставленной счет-фактуре, но не более 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей.

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 3) - 5) пункта 10 и пункта 12 проведение обследований материально-бытового положения лица (семьи) не требуется".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Есильского района Северо-Казахстанской области" обеспечить:

      1) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Есильского района Северо-Казахстанской области, коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решение возложить на курирующего заместителя акима Есильского района.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области Е. Туткушев