"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 27/314 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/640 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 27/314 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Жоғарыда аталған шешіммен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгерістерді заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы Е. Тұтқышев

  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2026 жылғы 16 қыркүйектегі
  № 46/640 шешіміне
  қосымша
  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 17 қаңтардағы
  № 27/314 шешіміне
  қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аудан мәслихатының аппараты) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының және оның органдарының ұйымдық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзге де қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аудан мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Аудан мәслихаты аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен жүзеге асырады.

      4. Аудан мәслихатының аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ және орыс тілдерінде мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Аудан мәслихатының аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Аудан мәслихаты аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Аудан мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен, аудан мәслихаты аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 10.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: сенбі және жексенбі күндері екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан, жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағаттан, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, жұмыс күнінің үзілісі сағат 13-00-ден 14:00-ге дейін.

      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аудандық мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Аудан мәслихатының аппаратына кәсіпкерлік субъектілермен Аудан мәслихаты аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Аудан мәслихатының аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Мәслихат аппаратының Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) аудандық мәслихаттың ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету;

      2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      3) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудан мәслихаты қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

      5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан мәслихатының қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

      6) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      8) депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға ұсыныстар бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдардан нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, аудандық мәслихат шешімдерінің жобалары бойынша келісу үшін қажетті ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын және сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттарды сұрату;

      аудандық мәслихат сессиясының және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жіберу;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      аудан мәслихатына келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалану;

      2) міндеттері:

      Есіл ауданы мәслихатының регламентінің тиісінше сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеу, аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға консультациялық-әдістемелік көмек, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      аудан мәслихатының құзыреті шегінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) аудан мәслихатының, оның тұрақты комиссияларының, уақытша жұмыс органдарының қызметін ұйымдастырушылық-құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) мәслихат депутаттарына мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдесу, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      3) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудан мәслихатының сессияларын дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

      4) атқарушы органдар басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында олардың қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      5) аудан мәслихаты сессияларының және басқа да отырыстардың хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;

      6) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, жария тыңдауларды, "дөңгелек үстелдерді", жұмыс сапарларын және көшпелі отырыстарды дайындауды және өткізуді жүзеге асыру; қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдауға, қорытуға және тұрақты комиссия мүшелеріне уақтылы ұсыну;

      7) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақтылы қарауды бақылауды жүзеге асыру;

      8) аудан мәслихатының пен мәслихат аппаратының қызметін мерзімді баспасөз басылымдарында немесе интернет-ресурста (аудандық мәслихат аппаратының сайтында, Facebook) жариялауды қамтамасыз ету;

      9) аудандық мәслихат актілерінің уақтылы және тиісінше ресімделуін және таратылуын қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық мәслихаттың заңнамалық қызметін айқындайтын мәслихат шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының және мәслихат төрағасының өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      11) Нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық мәселелер жөніндегі мемлекеттік органның өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеу үшін әкімдік бөлімдерінің, ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметкерлерін белгіленген тәртіппен тарту, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сәйкестікке келтіру;

      12) аудан мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу және оларға заң сараптамасын жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда аудан мәслихатының шешімдерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан мәслихатының нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру, аудан мәслихаты қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің электрондық тіркелімін жүргізу;

      15) аудан мәслихатының қабылданған шешімдері бойынша әділет органдарына есептер беру және нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;

      16) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің және өзге де заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізу;

      17) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      18) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту; іс жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуді жүзеге асыру;

      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, аудандық мәслихат төрағасының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;

      20) Мемлекеттік орган жіберген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;

      21) аудандық мәслихат аппараты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

      22) "Қызмет бабында пайдалану үшін" (ҚБПҮ) шектеулі таратылуы бар қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру;

      23) мұрағатқа беру үшін құжаттарды уақтылы тіркеуді, сақтауды және дайындауды жүзеге асыру, "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты" АЖ жүргізуді қамтамасыз ету;

      24) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау;

      25) аудан мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету.

3-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Аудан мәслихатының аппаратына басшылықты Аудан мәслихаты аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Аудан мәслихаты аппаратының басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Аудан мәслихаты аппаратының басшысының орынбасарлары жоқ.

      20. Аудан мәслихаты аппаратының басшысының өкілеттігі:

      1) Аудан мәслихаты аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Аудан мәслихаты аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) Аудан мәслихаты аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) Аудан мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) Аудан мәслихатының аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;

      13) осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      14) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Аудан мәслихаты аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Аудан мәслихаты аппаратының алқалы органдары жоқ.

4-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. Аудандық мәслихат аппаратының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Аудан мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Аудандық мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, аудандық мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы малихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      26. Аудандық мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөлу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Есіл ауданы мәслихатының аппаратында оның қарамағындағы ұйымдар жоқ.

      Есіл ауданы мәслихатының аппаратында оның қарамағындағы аумақтық бөлімшелер жоқ.

      Есіл ауданы мәслихатының аппаратында оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер жоқ.

О внесении изменения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 17 января 2023 года № 27/314 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 16 сентября 2026 года № 46/640

      Маслихат Есильского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 17 января 2023 года № 27/314 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области" следующее изменение:

      Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области", утвержденный вышеуказанным решением изложить в новой редакции согласно приложения к настоящему решению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области" обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего решения направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Северо-Казахстанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области после его официального опубликования;

      3) произвести регистрацию внесенных изменений в Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области Е. Туткушев

  Приложение
  к решению маслихата
  Есильского района Северо-Казахстанской области
  от 16 сентября 2026 года
  № 46/640
  Приложение
  к решению маслихата
  Есильского района Северо-Казахстанской области
  от 17 января 2023 года
  № 27/314

Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области" (далее - Аппарат маслихата района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области и его органов, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Аппарат маслихата района не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", Законом Республики Казахстан "О правовых актах", актами Президента и Правительства Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата района является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата района по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя маслихата, приказами руководителя Аппарата маслихата района, которые принимаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата района утверждаются решением маслихата района, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 150500, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, Есильский район, село Явленка, улица Тәуелсіздіқ, 10.

      Режим работы Аппарата маслихата района: устанавливается пятидневная рабочая неделя с двумя выходными днями суббота и воскресенье, продолжительность рабочего времени не превышает 40 часов в неделю, продолжительность рабочего дня 8 часов, с 09:00 часов до 18:00 часов, перерыв рабочего дня с 13:00 часов до 14:00 часов.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Аппарата маслихата района.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата района осуществляется из местного бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату маслихата района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата района.

      Если Аппарату маслихата района законами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

      13. Внесение изменений и дополнений в Положение Аппарата маслихата производится в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи, полномочия и функции коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области"

      14. Задачи:

      1) обеспечение организационной и сессионной деятельности маслихата района;

      2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;

      3) обеспечение принятия на сессиях маслихата района нормативных правовых актов, предусматривающих сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов, а также нормативных правовых актов касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) нормативное правовое обеспечение реализации государственных функций, регистрация и ведение анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых маслихатом района;

      5) обеспечение информированности населения о деятельности маслихата района в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      6) материально-техническое обеспечение деятельности депутатов маслихата района;

      7) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета в соответствии с законом Республики Казахстан "Об общественных советах";

      8) обеспечение направлений предложений на повышение квалификации депутатов маслихата района, связанных с осуществлением депутатских полномочий, и планирование расходов на повышение квалификации депутатов маслихата района.

      15. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, справки, отчеты, проекты решений, сведения о публикации в средствах массовой информации проектов нормативно-правовых актов, заключения научных экспертиз и экспертных советов, необходимые для согласования по проектам решений маслихата района и иную документацию по вопросам повестки дня сессий и заседаний постоянных (временных) комиссий;

      привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение сессии маслихата района и его постоянные комиссии, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих решений;

      направлять депутатские запросы, предложения, отклики, сообщения, жалобы в государственные органы и организации в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан;

      контролировать сроки и результаты рассмотрения обращений юридических и физических лиц, поступивших в маслихат района;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      2) обязанности:

      обеспечивать надлежащее соблюдение Регламента маслихата Есильского района;

      не допускать принятия решений, не соответствующих законодательству Республики Казахстан, оказывать консультативно-методическую помощь, информационную, организационно-техническую и иную помощь государственным органам и должностным лицам по вопросам входящих в компетенцию маслихата района;

      обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан в пределах компетенции маслихата района;

      осуществлять обязанности, предусмотренные в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", Законом Республики Казахстан "О правовых актах".

      16. Функции:

      1) организационно-документационное, правовое, информационное, материально-техническое обеспечение деятельности маслихата района, его постоянных комиссий, временных рабочих органов;

      2) оказание содействия депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий в соответствии с Регламентом работы маслихата, обеспечение их необходимой информацией;

      3) организационно-техническое обеспечение подготовки и проведения сессий маслихата района, в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О доступе к информации";

      4) сбор, анализ информации, отчетов руководителей исполнительных органов, акимов сельских округов, подготовка справок о результатах их деятельности перед депутатами маслихата района;

      5) формирование протоколов и материалов сессий маслихата района и других заседаний;

      6) осуществление подготовки и проведения заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний, "круглых столов", рабочих поездок и выездных заседаний; анализировать, обобщать и своевременно представлять членам постоянных комиссий материалы по существу рассматриваемых вопросов;

      7) оказание содействия депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказания консультативной и методической помощи, осуществление контроля за своевременностью рассмотрения запросов, предложений и замечаний депутатов;

      8) обеспечение публикации деятельности маслихата района и Аппарата маслихата в периодических печатных изданиях или интернет-ресурсе (сайте аппарата маслихата района, Facebook);

      9) обеспечивание своевременного и надлежащего оформления и рассылки актов маслихата района;

      10) осуществление контроля за исполнением решений маслихата, постановлений постоянных комиссий и распоряжений председателя маслихата, определяющих законодательную деятельность маслихата района в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      11) привлечение в установленном порядке работников отделов акимата, аппаратов акимов сельского округа для разработки проектов нормативных правовых актов и иных документов государственного органа по правовым вопросам, а также приведение нормативных правовых актов в соответствие в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      12) участие в разработки и осуществление проведения юридической экспертизы нормативных правовых актов маслихата района, а также направление их на государственную регистрацию в органы юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством;

      13) в случаях предусмотренных законодательством Республики Казахстан, обеспечение опубликования решений маслихата района в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, средствах массовой информации;

      14) осуществление правового мониторинга нормативных правовых актов маслихата района в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, ведение электронного Регистра нормативных правовых актов, принятых маслихатом района;

      15) предоставление в органы юстиции отчеты по принятым решениям маслихата района и проведения мониторинга нормативных правовых актов;

      16) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Закона "О государственной службе Республики Казахстан", Трудового кодекса Республики Казахстан и иных законодательных актов;

      17) осуществление организации проведения конкурсов на занятие вакантных административных государственных должностей;

      18) осуществление документационного обеспечения, в том числе путем организации надлежащего документооборота, внедрения и развития информационных технологий; контроля за соблюдением правил делопроизводства и расширения сферы применения государственного языка;

      19) осуществление приема, регистрации и учета обращений физических и юридических лиц, организация личного приема физических лиц и представителей юридических лиц председателем маслихата района;

      20) осуществление контроля за рассмотрением обращений физических и юридических лиц, направленных государственным органом;

      21) обеспечение своевременного предоставления отчетности по вопросам работы с обращениями физических и юридических лиц по аппарату маслихата района;

      22) организация работы со служебной информацией ограниченного распространения "Для служебного пользования" (ДСП);

      23) осуществление своевременной регистрации, хранения и подготовки документов для передачи в архив, обеспечивание ведения ИС "Единый электронный архив документов";

      24) выполнение процедуры организации и проведения государственных закупок в соответствии с законодательством о государственных закупках;

      25) определение расходов на обеспечение деятельности маслихата района, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области"

      17. Руководство Аппаратом маслихата района осуществляется руководителем Аппарата маслихата района, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата района задач и осуществление им своих функций.

      18. Руководитель Аппарата маслихата района назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", "О государственной службе Республики Казахстан" и Трудовым кодексом Республики Казахстан.

      19. Руководитель Аппарата маслихата района не имеет заместителей.

      20. Полномочия руководителя Аппарата маслихата района:

      1) руководит деятельностью Аппарата маслихата района;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность Аппарата маслихата района в пределах своей компетенции;

      3) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" Аппарата маслихата района;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий Аппарата маслихата района;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим Аппарата маслихата района;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих Аппарата маслихата района;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) обладает правом первой подписи финансовых документов, заключает договоры, выдает доверенности;

      13) издает приказы в пределах компетенции, установленной настоящим Положением;

      14) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя аппарата.

      Исполнение полномочий руководителя Аппарата маслихата района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      21. Аппарат маслихата района не имеет коллегиальных органов.

Глава 4. Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области"

      22. Аппарат маслихата района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Аппарата маслихата района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за Аппаратом маслихата района относится к коммунальной собственности.

      24. Аппарат маслихата района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области"

      25. Реорганизация (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование) и упразднение Аппарата маслихата района осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Аппарат маслихата Есильского района не имеет организаций находящихся в его ведении.

      Аппарат маслихата Есильского района не имеет территориальные подразделения, находящиеся в его ведении.

      Аппарат маслихата Есильского района не имеет государственные учреждения, находящиеся в его ведении.