"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 5 наураздағы № 2394-25-00-4/1181 және 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 2394-26-00-4/78 шешіміне сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35-3 "Қызылқоға ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы" шешімімен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына схемасындағы (картасы) "Секер-Самай" алқабы жер телімі бөлігінен алынып қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Т. Бейсқали |
| Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға 1 қосымша |
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу Схемасы (картасы)

| Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға 2 қосымша |
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

| Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға 3 қосымша |
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

| Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға 4 қосымша |
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес су көздеріне (өзендерге, көлдерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру суармалау каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

| Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға 5 қосымша |
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округінің жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

| Қызылқоға ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға 6 қосымша |
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы






