"Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 тамыздағы № 3980 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 35 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2026 жылғы "25" тамыздағы
№ 3980 қаулысына қосымша

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "11" шілде
№ 35 қаулысына қосымша

"Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Шымкент қаласының аумағында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Республика даңғылы, 12А, индекс 160005.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау және нығайту үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қоса алғанда, азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асыруды қамтамасыз ету;

      Шымкент қаласының аумағында денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, халықтың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру;

      қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру және тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

      білікті медицина кадрларын тарту және бекіту үшін жағдайлар жасау, саланың кадрлық әлеуетін дамыту.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары

      мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды белгіленген тәртіппен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қарауына енгізуге;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңестер шақыруға, комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын құруға;

      Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

      өз құзыреті шегінде республикалық және халықаралық ұйымдарда Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі басқарманың мүдделерін білдіруге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      1) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін нормалары мен талаптарын сақтау сақтауға;

      азаматтардың ТМККК және МӘМС алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге;

      Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;

      қаланың денсаулық сақтау жүйесінің қызметі туралы ақпаратқа халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету.

      14. Функциялары:

      1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      5) фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

      7) мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсеткіштер бойынша есту протезімен қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады;

      8) медициналық бұйымдарды, санитарлық көлікті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына сатып алуды ұйымдастырады;

      9) қаланың денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      10) денсаулық сақтау саласында мониторингті жүзеге асырады;

      11) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және оның мониторингін жүзеге асырады;

      12) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      13) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіби құзыреттілікке аттестаттауға жолдайды;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оны іске асыру мониторингін және азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен деңгейіне қанағаттану деңгейін бағалауды жүргізеді;

      15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар базасында клиникалық базаларды ұсынады;

      17) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      18) денсаулық сақтау саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді;

      19) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

      20) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы халықты хабардар етеді;

      21) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесе отырып, репродуктивтік денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау және ойыншылықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмысты жүзеге асырады;

      22) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      23) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, Шымкент қаласының шегінде денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауларды жүзеге асырады;

      24) әскери қызмет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;

      25) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

      26) уәкілетті органға Шымкент қаласының шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, ана мен баланың денсаулығын қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      27) Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      28) халыққа профилактикалық егулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      29) жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесіне енгізілген аурулардан зардап шегетін сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу үшін арнайы медициналық комиссияны құрады;

      30) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      31) бюджет қаражаты есебінен тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекітеді;

      32) уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоспағанда, Шымкент қаласының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      33) уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      34) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады;

      35) денсаулық сақтауға арналған шығыстар бөлігінде жергілікті бюджетті қалыптастыруға және орындауға қатысады;

      36) қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

      37) уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      38) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға қатысады, тиісті ұсыныстар енгізеді;

      39) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғыларын келіседі;

      40) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын, басшыларының орынбасарларын және бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      41) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын бекітеді және олардың орындалуын, мүліктің пайдаланылуын және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылайды.

      42) заңнамада белгіленген тәртіппен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерін қалыптастыруға қатысады;

      43) комплаенс-қызметтердің (комплаенс-офицерлердің) қызметін және мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару жүйелерін енгізуді және олардың жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етеді;

      44) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      45) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, уәкілетті мемлекеттік органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

      46) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      47) медициналық ұйымдардың деректерді ақпараттық жүйелерге, оның ішінде ТМККК және МӘМС шеңберінде ақы төлеу мақсаттары үшін енгізуінің толықтығын, дұрыстығын және нақтылығын бақылауды қамтамасыз етеді;

      48) Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Президенттің, Үкіметтің, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің және әкімдігінің актілерінде көзделген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Бірінші басшының өкілеттіктері:

      1) Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) өз құзыреті шегінде Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

      3) Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларын белгіленген тәртіппен қала әкімінің және әкімдігінің қарауына енгізеді;

      6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды;

      8) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      9) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын (басшылардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерді) көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      10) сенімхаттар береді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      20. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№1 қалалық клиникалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      3) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№3 қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      4) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      5) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      6) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      7) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      8) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      9) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      10) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық балалар клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      11) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перзентхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      13) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "№1 оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      14) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      15) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Мейірім" оңалту орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      16) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      17) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      18) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      19) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№2 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      20) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      21) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      22) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      23) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№6 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      24) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      25) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№8 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      26) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№9 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      27) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№10 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      28) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№11 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      29) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№12 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      30) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№13 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      31) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жоғары медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      32) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Мамандандырылған бөбектер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 11 июля 2018 года № 35 "О создании коммунального государственного учереждения "Управление здравоохранения города Шымкент"

Постановление акимата города Шымкент от 25 августа 2026 года № 3980

      Акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Шымкент от 11 июля 2018 года № 35 "О создании коммунального государственного учреждения "Управление здравоохранения города Шымкент" следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Управлению здравоохранения города Шымкент в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде на казахском и русском языках, удостоверенном электронной цифровой подписью;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Шымкент.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент Г. Сыздыкбеков

  Приложение к постановлению
акимата города Шымкент
от "25" августа 2026 года № 3980

  Приложение к постановлению
акимата города Шымкент
от "11" июля 2018 года № 35

Положение о коммунальном государственном учреждении "Управление здравоохранения города Шымкент"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Управление здравоохранения города Шымкент" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере здравоохранения на территории города Шымкент, а также реализацию государственной политики в области охраны здоровья граждан.

      2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и иными актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, город Шымкент, район Тұран, проспект Республики, 12А, индекс 160005.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      10. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.

      11. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся его полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доход деятельность, полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи, функции и полномочия Управления

      12. Задачи:

      обеспечение реализации гражданами права на охрану здоровья, включая доступную и качественную медицинскую помощь для сохранения и укрепления здоровья населения Республики Казахстан;

      реализация единой государственной политики в области здравоохранения на территории города Шымкент;

      обеспечение доступности и качества гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП) и медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования (далее – ОСМС);

      развитие первичной медико-санитарной помощи, укрепление здоровья населения и формирование здорового образа жизни;

      координация деятельности и обеспечение эффективного управления организациями здравоохранения города;

      создание условий для привлечения и закрепления квалифицированных медицинских кадров, развитие кадрового потенциала отрасли.

      13. Полномочия:

      1) права

      запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, физических и юридических лиц информацию и материалы, необходимые для выполнения своих функций;

      вносить в установленном порядке на рассмотрение местных представительных и исполнительных органов предложения по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      созывать совещания, создавать комиссии, советы, рабочие группы по вопросам здравоохранения с привлечением представителей государственных органов, организаций и общественности в пределах своей компетенции;

      осуществлять контроль за деятельностью подведомственных организаций Управления;

      представлять интересы Управления по вопросам здравоохранения в республиканских и международных организациях в пределах своей компетенции;

      осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2) Обязанности:

      соблюдать нормы и требования Конституции, законы и иные нормативные правовые акты Республики Казахстан;

      обеспечивать реализацию прав граждан на получение ГОБМП и ОСМС;

      принимать меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов, соблюдению антикоррупционного законодательства работниками Управления и подведомственных организаций;

      обеспечивать доступ населения к информации о деятельности системы здравоохранения города.

      14. Функции:

      1) реализует государственную политику в области здравоохранения;

      2) обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан в области здравоохранения;

      3) обеспечивает реализацию прав граждан на получение гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;

      4) организует и осуществляет мониторинг и контроль деятельности субъектов здравоохранения, за исключением организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;

      5) осуществляет закуп фармацевтических услуг;

      6) осуществляет закуп и хранение лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, медицинских изделий в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) системы обязательного социального медицинского страхования;

      7) осуществляет закуп медицинских изделий для обеспечения лиц, не имеющих инвалидности, слухопротезной помощью по медицинским показаниям;

      8) организует закуп медицинских изделий, санитарного транспорта для государственных организаций здравоохранения;

      9) организует обеспечение города кадрами в области здравоохранения;

      10) осуществляет мониторинг в области здравоохранения;

      11) осуществляет координацию и мониторинг деятельности по вопросам корпоративного управления в государственных юридических лицах в области здравоохранения;

      12) осуществляет деятельность по формированию, мониторингу реализации и оценке результатов государственного социального заказа в области охраны здоровья граждан для неправительственных организаций, в том числе для ключевых групп населения;

      13) направляет на аттестацию на профессиональную компетентность специалистов в области здравоохранения;

      14) формирует государственный социальный заказ, проводит мониторинг его реализации и оценку уровня удовлетворенности граждан качеством и уровнем оказываемой медицинской помощи в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      15) обеспечивает содержание и эксплуатацию государственных медицинских организаций в соответствии с требованиями нормативных правовых актов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;

      16) предоставляет клинические базы на базе коммунальных юридических лиц в области здравоохранения для организаций образования в области здравоохранения в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      17) организует оказание бесплатной медицинской помощи, обеспечение лекарственными средствами и медицинскими изделиями при чрезвычайных ситуациях;

      18) организует и координирует деятельность по подготовке и повышению квалификации кадров в области здравоохранения;

      19) организует гигиеническое обучение, пропаганду и формирование здорового образа жизни и здорового питания;

      20) информирует население о распространении социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      21) осуществляет совместно с молодежными ресурсными центрами информационно-разъяснительную и консультативную работу с молодежью по вопросам охраны репродуктивного здоровья, планирования семьи и опасности игромании (лудомании);

      22) взаимодействует с международными и неправительственными общественными объединениями по вопросам охраны здоровья граждан Республики Казахстан;

      23) осуществляет ведомственные статистические наблюдения в области здравоохранения в пределах города Шымкент с соблюдением требований статистической методологии;

      24) утверждает персональный состав медицинских комиссий, создаваемых для проведения медицинского освидетельствования граждан Республики Казахстан в интересах воинской службы, и организует их деятельность;

      25) рредставляет уполномоченному органу ежеквартальный отчет о выполнении государственных программ развития системы здравоохранения, а также об основных количественных и качественных показателях здравоохранения;

      26) вносит уполномоченному органу предложения по улучшению деятельности системы здравоохранения в пределах города Шымкент, в том числе по развитию первичной медико-санитарной помощи, охране материнства и детства и реализации программ по социально значимым заболеваниям;

      27) организует кадровое обеспечение государственных организаций здравоохранения;

      28) организует и проводит профилактические прививки населению;

      29) создает специальную медицинскую комиссию для проведения медицинского освидетельствования осужденных, страдающих заболеваниями, включенными в перечень заболеваний, являющихся основанием для освобождения от отбывания наказания;

      30) обеспечивает оказание медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы;

      31) утверждает тарифы на медицинские услуги, предоставляемые в рамках дополнительного объема медицинской помощи лицам, содержащимся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств;

      32) осуществляет координацию и мониторинг деятельности по вопросам корпоративного управления в государственных юридических лицах в области здравоохранения на территории города Шымкент, за исключением организаций, подведомственных уполномоченному органу;

      33) осуществляет деятельность по формированию, мониторингу реализации и оценке результатов государственного социального заказа в области охраны здоровья граждан для неправительственных организаций, в том числе для ключевых групп населения, за исключением организаций, подведомственных уполномоченному органу;

      34) осуществляет функции администратора бюджетных программв пределах своей компетенции;

      35) участвует в формировании и исполнении местного бюджета в части расходов на здравоохранение;

      36) разрабатывает и реализует мероприятия по развитию системы здравоохранения города, укреплению материально-технической базы медицинских организаций;

      37) разрабатывает и утверждает региональный перспективный план развития инфраструктуры здравоохранения по согласованию с уполномоченным органом;

      38) участвует в создании, реорганизации и ликвидации подведомственных организаций, вносит соответствующие предложения;

      39) в случаях, предусмотренных законодательством, согласовывает уставы подведомственных организаций;

      40) назначает на должность и освобождает от должности руководителей, заместителей руководителей и главных бухгалтеров подведомственных организаций в установленном законодательством порядке;

      41) осуществляет контроль за деятельностью подведомственных организаций, в том числе утверждает планы развития подведомственных организаций и контролирует их исполнение, использование имущества и соблюдение законодательства Республики Казахстан;

      42) участвует в формировании наблюдательных советов государственных предприятий на праве хозяйственного ведения в порядке, определенном законодательством;

      43) обеспечивает внедрение и контроль функционирования в подведомственных организациях систем управления коррупционными рисками, включая деятельность комплаенс-служб (комплаенс-офицеров) и меры по урегулированию конфликта интересов;

      44) осуществляет контроль в сфере предоставления специальных социальных услуг в области здравоохранения;

      45) осуществляет взаимодействия с физическими и юридическими лицами, уполномоченным государственным органом и другими государственными органами по вопросам предоставления специальных социальных услуг в области здравоохранения;

      46) обеспечивает создание и функционирование региональных электронных информационных ресурсов и информационных систем в области здравоохранения;

      47) обеспечивает контроль полноты, достоверности и своевременности внесения медицинскими организациями данных в информационные системы, в том числе для целей оплаты в рамках ГОБМП и ОСМС;

      48) осуществляет иные полномочия в интересах местного государственного управления, предусмотренные Конституцией Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", иными законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства, а также акима и акимата города Шымкент.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа.

      15. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление его полномочий.

      16. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя:

      1) осуществляет общее руководство деятельностью Управления;

      2) издает в пределах своей компетенции приказы, обязательные для исполнения работниками Управления и подведомственных организаций;

      3) назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, а также руководителей, их заместителей и главных бухгалтеров подведомственных организаций;

      4) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и руководителей структурных подразделений Управления;

      5) вносит в установленном порядке на рассмотрение акима и акимата города проекты решений по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      6) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

      7) несет персональную ответственность за соблюдение антикоррупционного законодательства в Управлении и принимает меры по минимизации коррупционных рисков в подведомственных организациях;

      8) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;

      9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления, руководителей (заместителей руководителей, главных бухгалтеров) подведомственных организаций;

      10) выдает доверенности;

      11)осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Исполнение полномочий первого руководителя в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      19. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренным законодательством.

      20. Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      22. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении Управления:

      1) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская клиническая больница №1" управления здравоохранения города Шымкент;

      2) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская больница №2" управления здравоохранения города Шымкент;

      3) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская больница №3" управления здравоохранения города Шымкент;

      4) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская многопрофильная больница с Онкологическим центром" управления здравоохранения города Шымкент;

      5) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр психического здоровья" управления здравоохранения города Шымкент;

      6) Государственное коммунальное казенное предприятие "Городская инфекционная больница" управления здравоохранения города Шымкент;

      7) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр гипербарической оксигенации имени Т.О. Орынбаева" управления здравоохранения города Шымкент;

      8) Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр по профилактике и борьбе со СПИД" управления здравоохранения города Шымкент;

      9) Государственное коммунальное казенное предприятие "Городской центр крови" управления здравоохранения города Шымкент;

      10) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская детская клиническая больница" управления здравоохранения города Шымкент;

      11) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городской перинатальный центр" управления здравоохранения города Шымкент;

      12) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городской родильный дом" управления здравоохранения города Шымкент;

      13) Государственное коммунальное казенное предприятие "Реабилитационный центр №1" управления здравоохранения города Шымкент;

      14) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Реабилитационный центр №2" управления здравоохранения города Шымкент;

      15) Государственное коммунальное казенное предприятие "Реабилитационный центр "Мейірім" управления здравоохранения города Шымкент;

      16) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городской диагностический центр" управления здравоохранения города Шымкент;

      17) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Станция скорой медицинской помощи" управления здравоохранения города Шымкент;

      18) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №1" управления здравоохранения города Шымкент;

      19) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №2" управления здравоохранения города Шымкент;

      20) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №3" управления здравоохранения города Шымкент;

      21) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №4" управления здравоохранения города Шымкент;

      22) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №5" управления здравоохранения города Шымкент;

      23) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №6" управления здравоохранения города Шымкент;

      24) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №7" управления здравоохранения города Шымкент;

      25) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №8" управления здравоохранения города Шымкент;

      26) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №9" управления здравоохранения города Шымкент;

      27) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №10" управления здравоохранения города Шымкент;

      28) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №11" управления здравоохранения города Шымкент;

      29) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №12" управления здравоохранения города Шымкент;

      30) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Городская поликлиника №13" управления здравоохранения города Шымкент;

      31) Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Высший медицинский колледж" управления здравоохранения города Шымкент;

      32) Коммунальное государственное учреждение "Специализированный дом ребенка" управления здравоохранения города Шымкент.