"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 07 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық округі, Кемербастау ауылындағы атауы жоқ көшеге "Жұбандық Сұранқұлұлы" көшесі деп атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кемербастау ауылдық округінің әкімі | Ж. Шарифбеков |