Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы "Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/6-VIII шешімі

      Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы "Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №16-2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Е. Загипаров

  Зайсан аудандық мәслихатының
2026 жылғы 4 қыркүйектегі
№52/6-VIII шешіміне
қосымша
  Зайсан аудандық мәслихатының
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
№16-2 шешімімен
бекітілген

"Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мәслихат аппараты) Зайсан аудандық мәслихатымен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсететін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие аудандық бюджет есебінен ұсталатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, аудандық мәслихаттың Регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мәслихат аппаратының құрылтайшысы Зайсан аудандық мәслихаты (бұдан әрі-аудандық мәслихат) болып табылады.

      4. Мемлекеттік тілдегі толық атауы "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      5. Мемлекеттік мекеменің мекенжайы: индексі 070700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 54.

2-тарау. Мәслихат аппаратының заңдық мәртебесі

      6. Мәслихат аппаратының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      7. Мәслихат аппараты басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      8. Мәслихат аппараты өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің билігіндегі ақшамен жауапты. Мәслихат аппаратында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жауапкершілікте болады.

      9. "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, мәслихат аппаратының құрылымын және оны ұстауға қажетті материалдық-техникалық шығындарын заң актілерімен белгіленген штаттық шекті саны мен қаражаты шегінде аудандық мәслихат бекітеді.

      10. Мәслихат аппаратының қаржы шаруашылық қызметін бақылауды заңдылықтарда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдар жүргізеді.

      11. Мәслихат аппараты азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      12. Мәслихат аппаратының азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      13. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

      14. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

3-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      15. Өкілеттіктері:

      1) Міндеттері:

      - аудандық мәслихатты және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      - аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін жүзеге асыруына көмек жасау.

      2) Құқықтары:

      - мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де заңды және жеке тұлғалардан белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат пен өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін және аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін іске асыру қызметтері бойынша қажетті ақпараттарды сұрау және алу;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      16.Фунциялары:

      1) аудандық мәслихаттың және органдарының отырыстарының сапалы дайындалуын, өткізілуін қамтамасыз ету;

      2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының отырыстарының құжаттарын рәсімдеу, тіркеу, тиісті орындарға жолдау;

      3) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялардың қаулылары жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу;

      4) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық шешімдерді рәсімдеу, мемлекеттік тіркеу үшін Әділет органдарына жолдау және ресми жариялау;

      5) шешімдер және қаулылар жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету;

      6) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда аудандық мәслихат мүдделерін қорғалынуына көмек жасау;

      7) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден жоғары тұрған сайлау комиссияларынан, сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, тіркеу және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру;

      8) аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттарының жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және уақытында қаралуын қамтамасыз ету;

      9) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету;

      10) аудандық мәслихат пен оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру;

      11) аудандық мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;

      12) аудандық Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

      13) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру;

      14) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпиялылық режимінің сақталуын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету.

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету;

      16) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      17) Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Мәслихат аппаратына осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

4-тарау. Мәслихат аппаратын басқару

      18. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасауды мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      19. Мәслихат аппаратының басшысын аудандық мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      20. Мәслихат аппаратының басшысы:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      12) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      13) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      14) шарттар жасайды;

      15) сенімхаттар береді;

      16) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      17) банк шоттарын ашады;

      18) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      19) техникалық қамту қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, жұмыстан босатады;

      20) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      21) мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      22) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5-тарау. Мәслихат аппараты мүлкінің құрылу тәртібі

      21. Мәслихат аппаратының мүлкі оған берілген мемлекет мүлкінің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай–ақ құны мәслихат аппаратының теңгерілімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.

      22. Мәслихат аппаратының мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі коммуналдық меншікке жатады.

      23. Мәслихат аппаратында пайда әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған пайда мемлекеттік бюджетке алынады.

      24. Мәслихат аппараты заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде өзіне өткізіліп берілген және сатып алынған мүліктерге иелік етеді.

      25. Мәслихат аппараты өзіне берілген негізгі қорларды дербес иеліктен шығаруға, сметалық қаражатты және мемлекеттік мүлікті Қазақстан Республикасының мемелекеттік мүлікті басқару жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәсілдерден өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

      26. Мәслихат аппараты бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      27. Мәслихат аппаратының қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6-тарау. Мәслихат аппаратындағы жұмыс тәртібі

      28. Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі аудандық мәслихат төрағасы бекітетін ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      29. Мәслихат аппаратының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу аудандық мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады, және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақтық тіркеу органдарында тіркеледі.

8-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      30. Мәслихат аппаратының қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2001 года №16-2 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Зайсанского районного маслихата"

Решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 4 сентября 2026 года № 52/6-VIII

      Зайсанский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Зайсанского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2001 года №16-2 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Зайсанского районного маслихата" следующие изменения: приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Зайсанского районного маслихата Е. Загипаров

  Приложение к решению
Зайсанского районного
маслихата
от 4 сентября 2026 года
№52/6-VIII
  Утверждены решением
Зайсанского районного
маслихата
от "28" декабря 2001 года
№16-2

Положение о государственном учреждении "Аппарат Зайсанского районного маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Зайсанского районного маслихата" (далее-аппарат маслихата) является некоммерческой организацией, содержащейся за счет районного бюджета, имеющей статус юридического лица и созданной в организационно-правовой форме, осуществляющей организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение деятельности Зайсанского районного маслихата и его органов, а также оказывающей содействие депутатам в осуществлении ими своих полномочий.

      2. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, Регламентом районного маслихата, а также настоящим Положением.

      3. Учредителем аппарата маслихата является Зайсанский районный маслихат (далее - районный маслихат).

      4. Полное наименование на русском языке "Государственное учреждение "Аппарат Зайсанского районного маслихата". 5. Адрес государственного учреждения: индекс 070700, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Зайсан, улица Дінмұхамед Қонаев 54.

Глава 2. Юридический статус аппарата маслихата

      6. Аппарат маслихата имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и указанием своего наименования на казахском языке, бланки установленного образца, самостоятельный баланс, а также счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата не может создавать другие юридические лица, а также выступать их учредителем (участником).

      8. Аппарат маслихата отвечает по своим обязательствам находящимися в его распоряжении денежными средствами. При недостаточности у аппарата маслихата денежных средств ответственность по его обязательствам несет Правительство Республики Казахстан или местный исполнительный орган.

      9. Положение о государственном учреждении "Аппарат Зайсанского районного маслихата", структуру аппарата маслихата, а также материально-технические затраты, необходимые для его содержания, утверждает районный маслихат в пределах установленной законодательными актами предельной штатной численности и средств.  

      10. Контроль за финансово-хозяйственной деятельностью аппарата маслихата осуществляют уполномоченные органы в порядке, установленном законодательством.

      11. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      12. Гражданско-правовые сделки аппарата маслихата вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

      13. С истечением срока полномочий маслихата, в случаях досрочного прекращения полномочий маслихата и выборов нового состава его депутатов, деятельность государственных служащих аппарата маслихата не прекращается.

      14. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.

Глава 3. Задачи, функции и полномочия аппарата маслихата

      15. Полномочия:

      1) Задачи:

      - осуществление организационного, правового, материально-технического и иного обеспечения деятельности районного маслихата и его органов;

      - оказание содействия депутатам районного маслихата в осуществлении ими своих полномочий.

      2)Право:

      - запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных юридических и физических лиц необходимую информацию для реализации задач и функций районного маслихата, а также по вопросам деятельности, связанной с осуществлением полномочий депутатами районного маслихата;

      - осуществлять иные права в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      16. Функции:

      1) обеспечение качественной подготовки, проведения заседаний районного маслихата и органов;

      2) оформление, регистрация документов заседаний районного маслихата и его органов и направление их в соответствующие органы;

      3) проведение правовой экспертизы проектов решений районного маслихата и постановлений постоянных комиссий на соответствие действующему законодательству Республики Казахстан;

      4) оформление нормативных правовых решений, принятых районным маслихатом, направление их в органы Юстиции для государственной регистрации и обеспечение их официального опубликования;

      5) оказание депутатам правовой помощи при подготовке проектов решений и постановлений, а также депутатских запросов;

      6) оказание содействия в защите интересов районного маслихата в судах и других государственных органах;

      7) организация процедур приема, регистрации и проверки предложений политических партий и иных общественных объединений, а также вышестоящих избирательных комиссий по кандидатурам в состав избирательных комиссий;

      8) организация личного приема председателя районного маслихата и депутатов, обеспечение регистрации и своевременного рассмотрения обращений физических и юридических лиц;

      9) обеспечение проведения общественных слушаний, круглых столов и иных форм обсуждения вопросов, имеющих общественное значение;

      10) планирование расходов, необходимых для обеспечения деятельности районного маслихата и его аппарата, ведение бухгалтерского учета, формирование финансовой отчетности;

      11) организация и проведение процедур государственных закупок товаров, работ и услуг для обеспечения потребностей районного маслихата и его аппарата;

      12) организационное обеспечение деятельности районного Общественного совета;

      13) осуществление кадрового делопроизводства;

      14) обеспечение функционирования единой системы документооборота, архивного хранения документов, а также соблюдения режима конфиденциальности и защиты государственных секретов;

      15) обеспечение повышения квалификации депутатов маслихата и государственных служащих аппарата маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      16) обеспечение соблюдения единых требований в сфере информационно-коммуникационных технологий и информационной безопасности;

      17) осуществление иных функций, установленных законодательством Республики Казахстан.

      17. Аппарату маслихата запрещается осуществлять деятельность, не соответствующую предмету и целям его деятельности, установленным настоящим положением, а также совершать сделки.

Глава 4. Управление аппаратом маслихата

      18. Руководство деятельностью аппарата маслихата осуществляет руководитель аппарата маслихата.

      19. Руководитель аппарата маслихата назначается на должность и освобождается от должности председателем районного маслихата.

      20. Руководитель аппарата маслихата:

      1) руководит деятельностью аппарата маслихата;

      2) организует, координирует и контролирует деятельность аппарата маслихата в пределах своей компетенции;

      3) назначает на государственные должности и освобождает от государственных должностей административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата маслихата;

      4) осуществляет общее руководство деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий аппарата маслихата;

      5) осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, установления надбавок государственным служащим аппарата маслихата;

      7) решает вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих аппарата маслихата;

      8) обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      9) организует сессии маслихата, заседания постоянных и временных комиссий маслихата;

      10) готовит проекты решений маслихата, приказы по командированию депутатов маслихата и возложению обязанностей в случае отсутствия председателя маслихата или председателя постоянной комиссии маслихата;

      11) организует мероприятия по повышению квалификации депутатов;

      12) без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      13) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;

      14) заключает договоры;

      15) выдает доверенности;

      16) утверждает планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в Казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      17) открывает банковские счета;

      18) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      19) принимает на работу и освобождает от работы работников службы технического обеспечения.

      20) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      21) определяет обязанности и круг полномочий работников учреждения;

      22) осуществляет иные полномочия, возложенные на руководителя аппарата.

Глава 5. Порядок образования имущества аппарата маслихата

      21. Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему государством и состоит из основных фондов и оборотных средств, а также иного имущества, стоимость которых отражается в балансе аппарата маслихата.

      22. Имущество аппарата маслихата принадлежит ему на праве оперативного управления относиться к коммунальной собственности.

      23. В случае аппарату маслихата предоставлено право осуществлять приносящую прибыль деятельность, то прибыль, полученная от такой деятельности, изымается в государственный бюджет.

      24. Аппарат маслихата в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается переданным ему и приобретенным имуществом.

      25. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать закрепленные за ним основные средства, распоряжаться сметными средствами и государственным имуществом способами, не предусмотренными нормативными правовыми актами Республики Казахстан по управлению государственным имуществом.

      26. Аппарат маслихата ведет бухгалтерский учет и представляет отчетность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      27. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной деятельности аппарата маслихата осуществляются уполномоченным органом соответствующей отрасли в порядке установленном законодательством Республики Казахстан.

Глава 6. Порядок работы аппарата маслихата

      28. Порядок работы аппарата маслихата определяется Правилами внутреннего трудового распорядка, утверждаемыми председателем районного маслихата, и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

Глава 7. Порядок внесения изменений и дополнений в учредительные документы

      29. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы аппарата маслихата производится по решению районного маслихата и проходят процедуру государственной регистрации в территориальных органах юстиции в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств".

Глава 8. Условия реорганизации и ликвидации аппарата маслихата

      30. Реорганизация и ликвидация аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.