Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 108 "Кұқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы" қаулысы жойылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |