Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Казталов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 120 "Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5619 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Казталов ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Саркулов |