Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қазандағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 33-12 шешімі

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қазандағы № 8-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7270-07 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармақтын 9-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "9) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген, заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды коспағанда) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, оларды санаторийлік-курорттық емделуге алып жүретін кәмелеттік жасқа толған адамдардың шығындарын өтеуге, осы фактіні растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес, кірісі есепке алынбай, жылына 1 рет уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан артық емес мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық
мәслихатының төрағасы
А. Нургалиев

О внесении изменения в решение Теректинского районного маслихата от 17 октября 2023 года № 8-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района"

Решение Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 8 сентября 2026 года № 33-12

      Теректинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Теректинского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Теректинского района" от 17октября 2023года № 8-3 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7270-07) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению подпункт 9 пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "9) лицам с инвалидностью первой группы (имеющих в индивидуальной программе абилитации и реабилитации мероприятие по предоставлению социальных услуг индивидуального помощника, за исключением, согласно законодательства, лиц с инвалидностью, получивших трудовое увечье или профессиональное заболевание по вине работодателя) для возмещения затрат на сопровождающих их совершеннолетних лиц на санаторно-курортное лечение, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, в организации, предоставляющие санаторно - курортное лечение через портал социальных услуг, но не более чем на одно сопровождающее лицо, без учета дохода, один раз в год, в размере фактических затрат, но не более семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно - курортного лечения при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг на соответствующий финансовый год, определяемой уполномоченным государственным органом, на основании заявления с приложением документов, подтверждающих данный факт.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Теректинского
районного маслихата
А. Нургалиев