2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-тармағына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4, 13, 16 және 17-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. № 2 қосымшаға сәйкес қарақұмыққа қатысты экспорттық квота көлемдері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) арасында бөлінсін, көрсетілген тауарға қатысты экспорттың уақытша сандық шектеулерін қолдану мерзімі қоса алғанда 2021 жылғы 31 тамыз аралығында белгіленсін.
3. Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында экспорттық квотаның үлестерін бөлу, егер көрсетілген мемлекет сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында экспорттық квотаның үлестерін бөлудің өзге әдісін айқындамаса, мүше мемлекеттер осы Шешімге № 2 қосымшаға сәйкес мүше мемлекетке көзделген экспорттық квотаның қалған көлемінен аспайтын көлемде сыртқы сауда қызметінің қатысушысы сұрап отырған экспорттық квота үлестерін кезектілік тәртібімен беру арқылы жүзеге асырады деп айқындалсын.
4. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) сәйкес қарақұмық экспортына лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
5. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясынан осы шешім күшіне енген күннен бастап, күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан, сондай-ақ өзара сауда шеңберінде көрсетілген мемлекеттердің аумағынан қарақұмықты шығаруға уақытша тыйым салудың (ЕАЭО СЭҚ ТН 1008 10 000 коды) алынуын қамтамасыз ету сұралсын.
6. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 66 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"№ 21 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарлардың экспорты мен импортына сандық шектеулер.".
2. Мынадай мазмұндағы № 21 қосымшамен толықтырылсын:
| "Еуразиялық экономикалық | |
| комиссия алқасының | |
| 2015 жылғы 21 сәуірдегі | |
| № 30 шешіміне | |
| № 21 ҚОСЫМША |
Оларға қатысты экспорт пен импорттың сандық шектеулері белгіленген тауарлардың ТІЗБЕСІ
21.1. Оларға қатысты экспорттың уақытша сандық шектеулері белгіленген тауарлар
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Қарақұмық* | 1008 10 000 |
* Тарифтік емес реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және қарақұмық экспортына қатысты уақытша сандық шектеулер енгізу туралы" 2021 жылғы 15 маусымдағы № 66 шешіміне сәйкес қолданылады.
Бөлімге ескертпе. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.".
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 66 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Қарақұмыққа қатысты экспорттық квота КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Экспорттық квота көлемдері (мың тонна) | ||||
Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Қарақұмық | 1008 10 000 | 0 | 0 | 4,2 | 0 | 0 |