"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С.Ахметов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 843 қаулысымен бекітілген |
Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу
пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға
қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан|
халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің
қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар және олар бойынша жүру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды және олар бойынша жүру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптар, олар бойынша жүру қағидалары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелері (бұдан әрі – теміржол және автомобиль жолдарының учаскелері) көліктің жүру бағыты бойынша ақпараттық қалқандармен, белгілермен белгіленеді, оларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп ету немесе ақпараттық қалқан орналасқан жерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі қашықтық туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген осы учаскелерде қолданылатын шектеулер туралы ақпарат орналастырылады. Ақпарат мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде, сондай-ақ шектес мемлекеттің ресми тілінде орналастырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Теміржол және автомобиль жолдарының учаскелерін жабдықтауды көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының автомобильдік жолдар және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Теміржол және автомобиль жолдары учаскелерін жабдықтау жөніндегі, оның ішінде тиісті белгілер мен қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарын орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісіледі.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттеріне дейін теміржол және автомобиль жолдарының учаскелерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы барысында жүрудің мынадайтәртібі белгіленеді:
1) қозғалыс тек белгіленген маршрут бойынша ғана жүзеге асырылады;
2) адамдарды түсіру (отырғызу), жүктерді және тауарларды түсіру (тиеу) мақсатында тоқтауға, өткізу пункттеріне кіру кезінде кептелістерді туғызуға рұқсат етілмейді;
3) теміржол құрамдарының, оның ішінде жеке жүретін тепловоздардың (локомотивтердің) тоқтауы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарсы келе жатқан құрамдарды өткізу үшін ғана жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді мақсат етпеген жолаушыларды түсіру және отырғызу мақсатында жолаушылар пойыздарының, жергілікті (қала маңы) пойыздардың, осындай учаскелерде орналасқан станцияларда (разъездерде) тоқтауына мұндай көлік құралдарын шекаралық нарядтар алып жүрген жағдайда рұқсат беріледі.
3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының сызығынан кемінде он метр қашық жерде орналасады және бейнебақылау, сигнализация жүйелерімен, жарықтандыру аспаптарымен жабдықталатын қоршаумен, сондай-ақ шекара нарядтарының жүріп-тұруы үшін өтетін жерлермен жабдықталады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Қоршау периметрінің ішкі жағынан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қауіпсіздік бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігіне қызмет көрсетуі және күзетуі үшін жол жабдықталады.
7. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының қазақстандық бөлігі шектес мемлекеттің халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының бөлігімен адамдардың, көлік құралдарыныңжәне жүктердің орын ауыстыруы үшін арнайы өткелмен қосылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде шектес мемлекеттердің бөліктері арасында уақытша бақылауды енгізу немесе қатынасты тоқтата тұру үшін арнайы өткелде қажетті инфрақұрылым (құрылыстар) салынады. Көрсетілген инфрақұрылымды (құрылыстарды) пайдалану тәртібі халықаралық келісімдермен белгіленеді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2026 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қазақстандық бөлігінің аумағына кіру-шығу орындарында шекаралық, кедендік және бақылаудың басқа да түрлерін өткізу үшін қажетті инфрақұрылымы бар пункттер (дәліздер) құрылады.