"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 58 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеуші саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларында:

      4-тармақта 3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін өртті ерте анықтау-2 жүйелерін, көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтардың немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжаттың негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын және патрульдік көлікті осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көзделген сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға жылдық 12,6 %-дан аспайды. Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері оператордың қаражатын ұйымның өзге қаражатымен 40/60 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды және (немесе) жаңа өнім үшін қайталама ресурстар пайдаланылатын шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру шеңберінде техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндірістің техникасы сатып алынады (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша)";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көзделген отандық өндіріс техникасын көлік құралының тауар белгісінің және (немесе) конструкциясының иесінен көлік құралын жасауға лицензиялық құқықтардың немесе көлік құралының тауар белгісін және (немесе) конструкциясын иелену құқығын растайтын құжаттың негізінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі осы Қағидалардың 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2021 года № 604 "Об утверждении Правил финансирования оператором расширенных обязательств производителей (импортеров) организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которой прямо или косвенно принадлежат государству и (или) национальному управляющему холдингу, для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, направленных на улучшение состояния окружающей среды"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 58

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2021 года № 604 "Об утверждении Правил финансирования оператором расширенных обязательств производителей (импортеров) организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которой прямо или косвенно принадлежат государству и (или) национальному управляющему холдингу, для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, направленных на улучшение состояния окружающей среды" следующие изменения и дополнение:

      в Правилах финансирования оператором расширенных обязательств производителей (импортеров) организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которой прямо или косвенно принадлежат государству и (или) национальному управляющему холдингу, для дальнейшего финансирования проектов в обрабатывающей отрасли, направленных на улучшение состояния окружающей среды, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 4:

      абзац третий подпункта 3) изложить в следующей редакции:

      "ставка вознаграждения на проекты в обрабатывающей отрасли по приобретению систем раннего обнаружения пожаров 2 для организации предупреждения возникновения лесных пожаров и их тушения, техники и патрульного транспорта отечественного производства у производителей, заключивших соответствующее соглашение о промышленной сборке транспортных средств на основе лицензионных прав на производство транспортного средства от владельца товарного знака и (или) конструкции транспортного средства или документа, подтверждающего право владения товарным знаком и (или) конструкцией транспортного средства, предусмотренных абзацем одиннадцатым подпункта 1) пункта 4 настоящих Правил, – не более 12,6 % годовых. Размер ставки вознаграждения устанавливается за счет микширования средств оператора с иными средствами организации в пропорции 40/60;";

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "В рамках совершенствования материально-технической базы организаций, осуществляющих сбор, транспортировку, подготовку к повторному использованию, сортировку, обработку, переработку и (или) утилизацию отходов, и (или) обработку сырья, материалов, веществ, компонентов с использованием вторичных ресурсов для новой продукции, приобретается техника отечественного и (или) зарубежного производства (в случае отсутствия аналогов отечественного производства по согласованию с уполномоченным органом в области государственного стимулирования промышленности), соответствующая экологическим требованиям, определенным техническим регламентом.";

      дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "Порядок финансирования проектов в обрабатывающей отрасли по приобретению техники отечественного производства, предусмотренной абзацем одиннадцатым подпункта 1) пункта 4 настоящих Правил, у производителей, заключивших соответствующее соглашение о промышленной сборке транспортных средств на основе лицензионных прав на производство транспортного средства от владельца товарного знака и (или) конструкции транспортного средства или документа, подтверждающего право владения товарным знаком и (или) конструкцией транспортного средства, осуществляется в соответствии с параграфом 3 настоящих Правил.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов