Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 шілдедегі № 666 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2025 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

      Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 666 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

      Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі

      екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,

      Қазақстан Республикасы мен Того Республикасы азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екі мемлекетке виза алу қажеттігінсіз өзара сапарларын жеңілдетуге ниет білдіре отырып,

      өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет ете отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік әрбір кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге көп мәрте келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және бола алады.

2-бап

      Бір Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкері ретінде қызметтік іссапарда жүрген Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздері аккредиттелген кезеңге визасыз келе алады, бола алады және кете алады.

3-бап

      Тараптардың әрқайсысы мемлекеттері азаматтарының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының қолданылу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде 6 (алты) ай болуға тиіс.

4-бап

      1. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екінші Тарап мемлекетінің аумағына алдын ала виза алу қажеттігінсіз келуі, транзиті және кетуі екі мемлекеттің халықаралық қатынас үшін ашылған ресми өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.

      2. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезеңде 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне нұқсан келтірмей, осы Тарап мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.

5-бап

      Тараптардың әрқайсысы келуін өзі қоштамайтын екінші Тарап мемлекеті азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің өз мемлекетінің аумағына кіруіне рұқсат беруден бас тарту не болу мерзімін қысқарту құқығын өзіне қалдырады.

6-бап

      1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын уақытша, толық немесе ішінара тоқтатып қоя алады.

      2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қайта бастау туралы шешім қабылдаған Тарап ол күшіне енгенге дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат бұрын екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы өзінің осындай шешімі туралы хабардар етеді. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру екінші Тарап мемлекетінің аумағында жүрген, осы Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының құқықтарын қозғамайды.

7-бап

      Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың үлгілерімен алмасады. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық және қызметтік паспорттарға өзгерістер енгізілген жағдайда олар күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.

8-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген келіспеушілік немесе дау Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.

9-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, олар хаттамалар түрінде ресімделеді және осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.

10-бап

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.

      2. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екінші Тарапты оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар еткенге дейін белгіленбеген мерзімге күшінде қалады. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін тоқтатылады.

      2025 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында әрқайсысы қазақ, француз және ағылшын тілдерінде 2 (екі) төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісім мәтіндерінің арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Того РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Того об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2026 года № 666

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Того об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов, совершенное в Нью-Йорке 24 сентября 2025 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр Республики Казахстан О. Бектенов

  Примечание. Текст международного Соглашения,
прилагаемый к нормативному правовому акту,
не является официальным. Официально заверенную
копию международного Соглашения РК на языках
заключения можно получить в Министерстве
иностранных дел РК, ответственном за регистрацию,
учет и хранение международных Соглашений РК
Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 июля 2026 года № 666

Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Того об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Республики Того, далее именуемые индивидуально Сторона и совместно Стороны,

      стремясь укрепить дружеские отношения между двумя государствами,

      желая упростить взаимные поездки граждан Республики Казахстан и Республики Того, владельцев действительных дипломатических и служебных паспортов в двух государствах без необходимости получать визу,

      действуя в соответствии с национальным законодательством своих государств,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Граждане государства каждой Стороны, владельцы действительных дипломатических и служебных паспортов, вправе многократно въезжать, следовать транзитом, выезжать и пребывать на территории государства другой Стороны на период, не превышающий 90 (девяносто) календарных дней в течение каждого периода 180 (сто восемьдесят) календарных дней с даты первого въезда.

Статья 2

      Граждане государства одной из Сторон, владельцы действительных дипломатических и служебных паспортов, находящиеся в служебной командировке на территории государства другой Стороны в качестве сотрудников дипломатического представительства или консульского учреждения, а также члены их семей, владельцы действительных дипломатических и служебных паспортов, могут въезжать, пребывать и выезжать из территории государства другой Стороны без виз на период их аккредитации.

Статья 3

      Срок действия дипломатических и служебных паспортов граждан государства каждой из Сторон должен быть не менее 6 (шесть) месяцев с даты въезда на территорию государства другой Стороны.

Статья 4

      1. Въезд, транзит и выезд граждан государства одной из Сторон, владельцев действительных дипломатических и служебных паспортов из территории государства другой Стороны осуществляются через официальные пункты пропуска, открытые для международного сообщения, без предварительной необходимости получения визы.

      2. Граждане государства одной из Сторон, владельцы действительных дипломатических и служебных паспортов в период их пребывания на территории государства другой Стороны обязаны соблюдать национальное законодательство государства этой Стороны без ущерба для положений Венской конвенции о дипломатических сношениях от 18 апреля 1961 года и Венской конвенции о консульских сношениях от 24 апреля 1963 года.

Статья 5

      Каждая из Сторон сохраняет за собой право отказать во въезде либо сократить срок пребывания на территории своего государства гражданам государства другой Стороны, владельцам действительных дипломатических и служебных паспортов, чье присутствие считает нежелательным.

Статья 6

      1. Каждая из Сторон может временно, полностью или частично приостановить действие настоящего Соглашения в целях обеспечения национальной безопасности, общественного порядка или общественного здоровья.

      2. Сторона, принявшая решение о приостановлении, а также возобновлении действия настоящего Соглашения, уведомляет о таком своем решении другую Сторону по дипломатическим каналам не позднее, чем за 72 (семьдесят два) часа до вступления в силу данного решения. Приостановление действия настоящего Соглашения не затрагивает прав граждан одной из Сторон, упомянутых в статьях 1 и 2 настоящего Соглашения, которые уже находятся на территории государства другой Стороны.

Статья 7

      Стороны обмениваются по дипломатическим каналам образцами действительных дипломатических и служебных паспортов в течение 30 (тридцать) календарных дней с даты подписания настоящего Соглашения. Каждая из Сторон в случае внесения изменений в дипломатические и служебные паспорта обязана уведомить об этом другую Сторону не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до вступления данных изменений в силу.

Статья 8

      Любые разногласия или споры, возникающие при толковании или применении положений настоящего Соглашения, разрешаются путем консультаций или переговоров между Сторонами.

Статья 9

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и дополнения, являющиеся неотъемлемыми частями настоящего Соглашения, которые оформляются отдельными протоколами и вступают в силу в соответствии с пунктом 1 статьи 10 настоящего Соглашения.

Статья 10

      1. Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 (тридцать) календарных дней с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      2. Настоящее Соглашение остается в силе на неопределенный срок до письменного уведомления одной из Сторон по дипломатическим каналам другой Стороны о намерении прекратить его действие. В этом случае действие настоящего Соглашения прекращается по истечении 6 (шесть) месяцев со дня получения такого уведомления.

      Совершено в городе Нью-Йорк 24 сентября 2025 года в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском, французском и английском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу. В случае расхождения между текстами настоящего Соглашения Стороны обращаются к тексту на английском языке.

За Правительство
Республики Казахстан
За Правительство
Республики Того