Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және олардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды;";
мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
"22-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 466-1), 466-2) және 466-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"466-1) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
466-2) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекітеді;
466-3) мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;";
19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Министрліктің аппаратын Министрліктің бірінші басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын аппарат басшысы басқарады.";
22-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |